Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Аграрлық бөлім

Аграрлық бөлімше

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің “Аграрлық” бөлімшесі колледж директорының №3/03 бұйрығымен 2010 жылы құрылған. Бөлімше меңгерушісі Қ.Әділбекова. Бөлімше «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» және «Ветеринария» мамандықтары бойынша түлектер дайындайды. Қазіргі уақытта 307 студент білім алуда, сәйкесінше 277 студент мемлекеттік гранты негізінде оқиды. Бөлімшеде 30 оқытушы қызмет атқарады, олардың құрамында жоғарғы, I және II біліктілік санатты арнайы пән оқытушылары мен магистр оқытушылар бар. Бөлімшеде «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша толықтай заманауи жабдықталған 3 арнайы зертханалық кабинеттер, ал «Ветеринария» мамандығы бойынша арнайы жабдықталған 2 кабинет пен «Химия, биология және микробиология» зертханасы, сонымен қатар студенттердің іс-тәжірибе жұмыстары үшін арнайы виварий жұмыс атқарады. Бөлімшеде тәрбие жұмыстары оқу жылы басында тағайындалып бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Студент жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат оларды Отансүйгіштікке және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақта адал қызмет атқаруға баулу. Сонымен қатар тәрбие жұмыстарында ынтымақты студенттік ұжымды құрауға, білім алушылардың оқу мен тәртіпке деген жауапкершілік сезімдерін оятуға үлкен көңіл бөлінеді.

  • Бөлімшенің негізгі мақсаты мен міндеті:
  • Мемлекеттік білім стандарты негізінде оқу бағдарламасын толығымен жүзеге асыру;
  • Оқу-тәрбие тұтастығын қамтамасыз ете отырып оқыту мен тәрбиелеу үрдістерін интеграциялау;
  • Тұлғаның физиологиялық рухани және шығармышылық мүмкіндіктерін жетілдіру, салауатты өмір салтына баулу, интеллектуалдылығын байыту, азаматтың өз тұлғасын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу;
  • Оқу орнындағы шығармашылық және қоғамдық бірлестіктер қызметін жандандырып, білімгерлерді оқу орнының әкімшілік қызметіне араластыру, өзіндік пікір білдіруге баулу, болашақ маманның Республиканың қоғамдық саяси өміріне белсенді араласуына жол ашу, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру;
  • Азаматтық зайырлы сана қалыптастыру, өмір жолын анықтауда тұрақтану конституциялық демократияны қорғау және нығайту үшін түбегейлі құндылықтар мен қоғамдық қағидаларды қастерлей білуге үйрету;
  • Оқушының жеке тұлғасын, өз білімін жетілдіруге ұмтылысын, қалыптастыру;
  • Еңбек нарығына қажетті, бәсекеге қабілетті маман дайындау;
  • Оқу процессінде жаңа әдістер формаларын ұйымдастыру, жетілдіру және енгізу;

Бөлімше құрылымы:

Бөлімшеде 2 пәндік (циклдік) комиссиясы жұмыс жасайды

Бөлімшеде 2 мамандық бойынша білім алады

1513000 – Ветеринария

Топ атауы Топ тәлімгері
ВЕТ-0917-1,2 Г.Серік
ВЕТ-1117-1,2 С.Арихова
ВЕТ-0916-1,2 А.Байболова
ВЕТ-0918 Ә.Ержанова
ВЕТ-1118-1,2 Қ.Катекова
ВЕТ-1119 Ұ.Байырбекова
ВЕТ-0919-1 М.Биімбетов
ВЕТ-0919-2 Б.Батырбекова

1226000 - Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

Топ атауы Топ тәлімгері
ТКТ-1117 Н.Сайдалиева
ТКТ-0917 Д.Қояпов
ТКТ-1118 С.Оңғарова
ТКТ-0918-1,2 Ж.Сүлейменова
ТКТ-1119 Ұ.Жаманбаева
ТКА-0919 А.Өсерханова
  • Материалдық техникалық базасы
  • Кабинет және зертханалары жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған;
  • Web-сайт және Интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютерлік кабинеттер;
  • Нормативтік актілер, оқулықтар және электронды оқулықтармен толық қамтылған;
  • Мультимедиялық тақта - 1, интерактивті тақта-7, проектор-7, ноутбук-3, моноблок-36 толық компьютер құрал жабдықтарымен қамтылған;

«Аграрлық» бөлімшесіне қарасты кабинеттер және зертханалар:

Кабинет номері Кабинет атауы Жауапты тұлға
203 Қазақ тілі мен әдебиеті Д.Қалдарбек
202 Фармакология. Ішкі жұқпайтын аурулар Б.Батырбекова
205 Шет тілі С.Оңғарова
204 Тағам дайындау технологиясы Ж.Сулейменова
206 Биология. Анатомия Н.Сайдалиева
208 Жануарлар анатомиясы және физиологиясы С.Арихова
302 Тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру Е.Мейрамбеков
309 Химия. Микробиология және вирусология Г.Серік
310 Малдәрігерлік-санитарлық сараптау. Патологиялық физиология және патологиялық анатомия А.Ержанова
308 Аграрлық бөлімше С.Қадірова
Асхана Тағам дайындау технологиясы және қоғамдық тамақтандыру құрал жабдықтары зертханасы Д.Қояпов

Бөлімшеде оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік жұмыстар бойынша атқарылатын жұмыстар:

  • Жаңа үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу;
  • Жаңа педагогикалық технологияларды, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау мақсатында жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту;
  • Жеке тұлғаның саяси мәдениетін, әлеуметтік жағынан азаматтығын, өзін өзі танытуын қалыптастыруға тәрбиелеуді жүзеге асыру;
  • Бөлімше базасындағы сыныптан тыс, үйірме, студенттермен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жандандыру.
Оқу жылы Ашық сабақ Сабақтан тыс іс шара Ашық тәрбие сағаты
2015-2016 жж. 21 15 9
2016-2017 жж. 11 10 6
2017-2018 жж. 22 28 8
2018-2019 жж. 17 19 9
Оқу жылы Мақала саны
2015-2016 жж. 24
2016-2017 жж. 22
2017-2018 жж. 26
2018-2019 жж. 30
2019-2020 жж. 4

Бөлімше қызметкерлері

«Аграрлық» бөлімшесінде жалпы барлығы 30 оқытушы қызметкер жұмыс істейді.

  • Жоғарғы санатты оқытушы - 5
  • Магистр оқытушы - 5
  • І санатты оқытушы - 3
  • ІІ санатты оқытушы - 4
  • Оқытушы - 12
  • Лаборант - 1