Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

"Гуманитарлық пәндер" бөлімшесі

"Гуманитарлық пәндер" бөлімшесі

Гуманитарлық пәндер бөлімше жастарға заман талабына сай білім беріп, колледждің «сапалы білім, саналы тәрбие бастауы» ұстанымын негізгі ала отырып болашақта өз саласының білікті маманы болуға лайықты болашақ білгір мамандарды дайындайды. Гуманитарлық пәндер бөлімшесінде мамандықтардан тыс, бірнеше секциялар мен студенттік клубтар жұмыс жасайды. Спорт саласында гуманитарлық пәндер бөлімшесіне қарасты дене тәрбиесі және спорт мамандығының студенттері Қазақстан және әлемдік деңгейдегі көптеген жарыстардан жүлделі орындар иеленуде. Гуманитарлық пәндер бөлімшеге қарасты мамандықтар бойынша білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында көптеген ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде өндірістік тәжірибеден өтеді. Бөлімшеде «1С: бухгалтерия» және спорттың бірнеше түрлері бойынша студенттерге тегін секциялар құрылған. Бөлімшеде студенттердің сапалы білім алулары үшін кабинеттер мен зертханалар қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда бөлімше меңгерушісі Еркебалаев Даурен Назымханұлы. Колледжіміздің негізгі ұстанымдарының бірі сапалы біліммен қатар студенттік өмірдің қызықты өтуі, осыған орай бөлімше студенттері тарапынан көңілді тапқырлар клубы құрылып, бірнеше рет қала және облыс деңгейіндегі сайыстардың жеңімпазы болған. Болашақ кәсіпкерлерді тәрбиелеу мақсатында бөлімшеге қарасты есеп және аудит мамандығының студенттері арасында бизнес жоспарлар сайсын өткізу тұрақты үрдіске айналған. Қазіргі таңда бөлімшеде Бөлімшеде 1 пәндік(циклдік) комиссиясы жұмыс жасайды. Гуманитарлық пәндер бөлімше «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі құрылғаннан бастап осы күнге дейін, студенттерге өз саласының білікті маманы болулары үшін сапалы білім беріп келеді.

  • Бөлімшенің негізгі мақсаты мен міндеті:
  • Мемлекеттік білім стандарты негізінде оқу бағдарламасын толығымен жүзеге асыру;
  • Оқу-тәрбие тұтастығын қамтамасыз ете отырып оқыту мен тәрбиелеу үрдістерін интеграциялау;
  • Тұлғаның физиологиялық рухани және шығармышылық мүмкіндіктерін жетілдіру, салауатты өмір салтына баулу, интеллектуалдылығын байыту, азаматтың өз тұлғасын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу;
  • Оқу орнындағы шығармашылық және қоғамдық бірлестіктер қызметін жандандырып, білімгерлерді оқу орнының әкімшілік қызметіне араластыру, өзіндік пікір білдіруге баулу, болашақ маманның Республиканың қоғамдық саяси өміріне белсенді араласуына жол ашу, қоғамдық белсенділігін қалыптастыру;
  • Азаматтық зайырлы сана қалыптастыру, өмір жолын анықтауда тұрақтану конституциялық демократияны қорғау және нығайту үшін түбегейлі құндылықтар мен қоғамдық қағидаларды қастерлей білуге үйрету;
  • Оқушының жеке тұлғасын, өз білімін жетілдіруге ұмтылысын, қалыптастыру;
  • Еңбек нарығына қажетті, бәсекеге қабілетті маман дайындау;
  • Оқу процессінде жаңа әдістер формаларын ұйымдастыру, жетілдіру және енгізу;

Бөлімше құрылымы:

Бөлімшеде 3 мамандық бойынша білім беріледі

0103000 – Дене тәрбиесі және спорт

Топ атауы Топ тәлімгері
ДТС-0918 Есентаев Нұржігіт
ДТС-0917 Кенжебаев Мейірбек
ДТС-1118 Нишанбекова Жанар
ДТС-0916 Нишанбекова Жанар
ДТС-1117 Турсунов Давлат
ДТС-0919-1 Нурилаева Шоира
ДТС-0919-2 Мырзаханова Феруза

0518000 - Есеп және аудит

Топ атауы Топ тәлімгері
ЭЕА-0918 Қалдарбек Дана
ЭЕА-0917 Фазилова Индира
ЭЕА-0919 Аралбай Асылзат

0201000 - Құқықтану

Топ атауы Топ тәлімгері
ЗҚТ-0918 Сұлтанбек Балауса
ЗҚТ-0917 Надирбаев Шоқан
ЗҚТ-0919-1 Ашимова Дилмира
ЗҚТ-1118 Керімбекова Гүлжан
ЗҚТ-0919-2 Қалдыкөзова Гүлдана
  • Материалдық техникалық базасы
  • Кабинет және зертханалары жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған;
  • Нормативтік актілер, оқулықтар және электронды оқулықтармен толық қамтылған;
  • Интерактивті тақта-2, моноблок-20, толық компьютер құрал жабдықтарымен қамтылған;

«Гуманитарлық» бөлімшесіне қарасты кабинеттер және зертханалар:

Кабинет номері Кабинет атауы Жауапты тұлға
304 Сот залы. Азаматтық құқық Қалдыкөзова Г.
307 Қаржылық есеп Фазылова И.
311 Анатомия және адам физиологиясы
Емдік дене тәрбиесі және дәрігерлік бақылау
Нурилаева Ш.
312 Аудит Нишанбекова Ж.

Бөлімшеде оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік жұмыстар бойынша атқарылатын жұмыстар:

  • Жаңа үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу;
  • Жаңа педагогикалық технологияларды, кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау мақсатында жоғары оқу орындарымен байланысты нығайту;
  • Жеке тұлғаның саяси мәдениетін, әлеуметтік жағынан азаматтығын, өзін өзі танытуын қалыптастыруға тәрбиелеуді жүзеге асыру;
  • Бөлімше базасындағы сыныптан тыс, үйірме, студенттермен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жандандыру.

Бөлімше қызметкерлері

«Гуманитарлық пәндер» бөлімшесінде жалпы барлығы 15 оқытушы қызметкер жұмыс істейді.

  • Магистр оқытушы - 3
  • І санатты оқытушы - 1
  • ІІ санатты оқытушы - 4
  • Оқытушы - 6
  • Лаборант - 1