Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Жаңалықтар

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

“Many, little, few” тақырыбында ашық сабақ өтті

21.12.2022

“Филологиялық”пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен “А.Байтұрсынұлы-Алаштың рухани көсемі”атты А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілетін айлық іс-шара аясында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ә.Ысқақ ЕТБ-0922-1 тобының студенттеріне “Many, little, few” тақырыбында ашық сабақ өтті. Студенттерге жаңа сабақтың тақырыбын “Rebus”, ”Answer the questions”, “Translator” әдіс -тәсілдері арқылы өздері табуға мүмкіндік берілді. Ашық сабақ барысында ағылшын тіліндегі мөлшер сөздер туралы ақпарат берілді. ”Fill in”, ”Question box”, ”Make a step” әдіс-тәсілдері және “Word Wall” платформасында “Matching” тапсырмасы орындалды.

Жаңалық

Бухгалтерлік қорытынды есеп туралы ашық сабақ өтілді

20.12.2022

"Әлеуметтік және педагогикалық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы А.Байдуллақызы ЗҚТ-0921-1 тобына "Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ өту барысында бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың негіздері, бухгалтерлік есеп мәліметін пайдаланушылар туралы мәліметтер беріліп, «Кім жылдам?», “Кубик әдісі”, «Тепе-теңдік», «Жаңа инсайт», «Сұрақ-жауап» тапсырмалары орындалды.

Жаңалық Жаңалық

ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

19.12.2022

"2022 жыл - Балалар жылына" орай және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 30 жылдығына арналған еркін күрестен ересектер арасындағы Түркістан облысы чемпионатында 74 келі салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алған үшін "Ахмет Ясауи Колледжі", "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 2 курс студенті Бақытжан Бекарыс Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Қ.Жолдықараевтың дипломымен марапатталды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

“Many, little, few” тақырыбында ашық сабақ өтті

21.12.2022

“Филологиялық”пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен “А.Байтұрсынұлы-Алаштың рухани көсемі”атты А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілетін айлық іс-шара аясында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ә.Ысқақ ЕТБ-0922-1 тобының студенттеріне “Many, little, few” тақырыбында ашық сабақ өтті. Студенттерге жаңа сабақтың тақырыбын “Rebus”, ”Answer the questions”, “Translator” әдіс -тәсілдері арқылы өздері табуға мүмкіндік берілді. Ашық сабақ барысында ағылшын тіліндегі мөлшер сөздер туралы ақпарат берілді. ”Fill in”, ”Question box”, ”Make a step” әдіс-тәсілдері және “Word Wall” платформасында “Matching” тапсырмасы орындалды.

Жаңалық

Бухгалтерлік қорытынды есеп туралы ашық сабақ өтілді

20.12.2022

"Әлеуметтік және педагогикалық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы А.Байдуллақызы ЗҚТ-0921-1 тобына "Бухгалтерлік қорытынды есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ өту барысында бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың негіздері, бухгалтерлік есеп мәліметін пайдаланушылар туралы мәліметтер беріліп, «Кім жылдам?», “Кубик әдісі”, «Тепе-теңдік», «Жаңа инсайт», «Сұрақ-жауап» тапсырмалары орындалды.

Жаңалық Жаңалық

ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

19.12.2022

"2022 жыл - Балалар жылына" орай және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 30 жылдығына арналған еркін күрестен ересектер арасындағы Түркістан облысы чемпионатында 74 келі салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алған үшін "Ахмет Ясауи Колледжі", "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 2 курс студенті Бақытжан Бекарыс Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Қ.Жолдықараевтың дипломымен марапатталды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Томирис" драмасы тақырыбында ашық сабақ өтілді

15.12.2022

2022 жылы 15 желтоқсан күні «Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Т.Мырзабек КДН-0922 тобының студенттеріне Ш.Құсайынов "Томирис" драмасы Екінші бөлім тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: Шахимарден Құсайынов «Томирис» драмасының екінші көрінісі бойынша оқиға желісін оқыту, драмалық шығармалардың театрда көрініс табатын ұғындыру және кейіпкерлерге мінездеме бере отырып ерекшелеуді үйрету.
Сабақ барысында Ш.Құсайыновтың "Томирис" драмасының көріністері және театрда қойылған қойылымы толық қамтылып, мәлімет берілді.
Сабақты бекіту кезеңінде "Дубляж", "Ситуациялық мінездеу" "Суреттерді сөйлету" әдістері "WorldWall" “Learning.apps” білім платформалары арқылы орындалып, жаңартылған білім беру оқу бағдарламасы бойынша бағалау критерийлері арқылы жауап алынды.

Жаңалық Жаңалық

Студенттеріміз сот процесіне қатысты

14.12.2022

«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзова "Құқықтану" мамандығы, ЗҚТ-0921-1 тобының студенттерімен бірге "Соттағы іс жүргізудің сатылары" атты сабақтан тыс іс-шарасын Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа сот процесіне қатысты. Судья Қ.Қалмағамбетов білім алушыларға сот ісін қарау тәртібімен, өткізілген қылмыстық процесінде, қылмыс түрлерін, жаза тағайындаудағы мән-жайларды түсіндірді.

Жаңалық Жаңалық

ҚУАНЫШТЫ ХАБАР

11.12.2022

Астанада өткен кәсіби шеберліктің "WorldSkills Kazakhstan 2022" респбуликалық чемпионатында "Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілігі бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған Ахмет Ясауи Колледжінің студенті Мәуленқұл Бағдат жүлделі II- орынды иеленді. Еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан жиналған үздіктер байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізген шәкіртімізді және жетекшісі Ұлан Утебаевты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалық Жаңалық

"Заманауи сәулет туындылары" атты ашық сабақ өтті

07.12.2022

2022 жылы 07 желтоқсан күні «Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ұ.Биләл ТКА-0922-2 тобының студенттеріне "Заманауи сәулет туындылары. Ел астанасы - сәулет өнерінің жаңа тынысы. Қос нүкте" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: оқушылардың заманауи сәулет туындылары бойынша танымын кеңейту. Пунктуациялық қателіктерге жол бермеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында заманауи сәулет туындылары бойынша толық мәлімет берілді.
Сабақты бекіту кезеңінде "Басқатырғыш"," Кесте толтыру", "Иә, жоқ" ойындары мен тест арқылы жаңартылған білім беру оқу бағдарламасы бойынша бағалау критерийлері арқылы білім алушылардан жауап алынды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

WORLDSKILLS-2022 байқауы басталды

07.12.2022

Бүгін Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығында техникалық және кәсіптік білім беру орындарының білімгерлері арасында кәсіби шеберліктің "WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2022" республикалық чемпионаты басталды. Еліміздің барлық өңірлерінен келген 500-ден астам студент 30 құзыреттілік бойынша үздіктерді анықтайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Шараға қатысқандар арасынан ЕТБ-0922-2, ДТС-0922-1, ВДН-0922-1 және ТКТ-0922-2 топтарының студенттері белсенділік танытты.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Бабалар үні» тақырыбындағы ауызша журнал іс-шарасы өтті

05.12.2022

2022 жылы 2 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Бабалар үні» тақырыбындағы ауызша журнал іс-шарасы «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушылары А.Қуанышбек пен Ф.Дүйсенбайдың ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - студенттердің Ғ.Мұстафиннің шығармашылығы және оның әдеби қызметі туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, дүниетаным негіздерін, қоғамдық құбылыстарға қызығушылықтарын қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу, адамның қоғам өміріндегі белсенді рөлі туралы идеяларын қалыптастыру. Ғ.Мұстафиннің шығармаларын оқуға деген қызығушылықты ояту және қалыптастыру, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын дамыту.
Іс-шара барысында Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», «Дауылдан кейін» атты романдарының мазмұнына шолу жасалынып, «Жауқазын буынға хат» атты шығармасынан үзінді оқылып талқыланды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы жарияланды

01.12.2022

2022 жылы 1 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында "Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы жарияланды. Ондағы алынған негізгі шығарма: М.Әуезовтің «Абай жолы» романы.
"Менің өмірімді өзгерткен кітап" эссе байқауы колледж кітапханасында өткізілді.
Қазақ халқы ертеден ақ өнерге, білімге, салт-дәстүрге бай халық болып қалыптасқан болатын. Әр қилы заманда басынан өткерген қиын-қыстау замандарға қарамастан, өз құндылықтарын сақтап қалған қайсар халық екені баршаға мәлім. Сол басты құндылықтарымыздың бірі - әдебиетіміз екені белгілі. Қазақ әдебиетінің дамуы мен оның келесі ұрпақтарға сақталуы жолында қазағымыздың көптеген ағартушы ғалымдары мен жазушы,ақындары тер төге еңбек етіп, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылды. Тарихымыз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді ұштастыра білген шоқтығы биік шығармалардың бірі – «Абай жолы» романы.
Байқауға 1 курс студенттері қатысты және олардың «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбындағы жазған эсселері тыңдалып, талқыланды.
Іріктеу кезеңінде 5 студенттің жазған эсселері тақырыпқа сай, мән-мағыналы, мазмұнды, нақты, үздік нәтиже берді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Колледжде кітапхана квилті ұйымдастырылды

01.12.2022

«Өз мамандығың туралы көркем әдебиет» кітапхана квилті 2022 жылдың қараша айынан бастап «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жоспарға сәйкес «Өз мамандығың туралы көркем әдебиет» кітапхана квилті ұйымдастырылды.
Мақсаты: студенттердің таңдаған мамандықтарына байланысты білімдерін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, сөздік қорларының молаюына ықпал ету, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Студенттер квилттің шартына сәйкес мамандықтар бейнеленген суреттерге ой-пікірлерімен бөлісіп, кітаптан алған әсерлерін, қанатты сөздерін, оқытушыларға алғыстары мен ізгі тілектерін стикерге жазды.
Шараға қатысқандар арасынан ЕТБ-0922-2, ДТС-0922-1, ВДН-0922-1 және ТКТ-0922-2 топтарының студенттері белсенділік танытты.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» айлық іс-шарасыны соңына жетті

30.11.2022

2022 жылы 01.11-30.11 күндері аралығында "Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» айлық іс-шарасының жабылуында «Кітап оқудың пайдасы» туралы бейнематериал көрсетіліп, Дәулеткерейдің «Көроғылы» күйі орындалды, М.Әуезовтың 125 жылдығына орай оқушылардың «Абай жолы» романы жайында жазған эсселері мен қазақтың ұлы тұлғаларына шолу жасалынды.
Іс-шара жоспарына сәйкес өтілген барлық іс-шараларды «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия төрайымы Н.Ибрагимова қорытындылап, колледж фойесіне тақырыптарға сай ілінген плакаттарда берілген тапсырмаларға колледж студенттері белсенді қатысты.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ...

30.11.2022

"Ахмет Ясауи кәсіби" колледжі “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” бөлімшесінің арнайы пән оқытушысы Ерімбет Пернебектің бастамасымен ұйымдастырылған “Жақсылық жасап жарысайық!” челленджін “Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты айлық іс-шара жоспарына сәйкес "Қайырымдылық керуені" тақырыппен бірге қабыл алып, әлеуметтік тұрмыс жағдайы аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек қолын созды.
“Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі “Жақсылық жасап жарысайық!” челленджін “Филологиялық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігіне жолдайды.
Жақсылық жасаудан жалықпайық ағайын!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Бір колледж - бір кітап» акциясы өтті

30.11.2022

2022 жылы 30 қараша күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бір колледж - бір кітап» акциясы "Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж кітапханасында өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты - халық әдебиетін насихаттау, тарихи мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу. Қазақтың әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты арттыру, сонымен қатар жас ұрпақты интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
Акция барысында М.Әуезовтың «Абай жолы» романы оқылып, Абайдың қара сөздері талқыланды.

Мектеп оқушылары колледжімізге экскурсия жасауға келді

30.11.2022

2022 жылы 29 қараша күні сағат: 12:30-да М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар бойынша Ахмет Ясауи колледжіне экскурсия жасауға келді.
Мектеп оқушыларына колледждің материалдық-техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы ұсынылды. Кәсіби ақпарат арқылы оқушылар әртүрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алды.
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Білікті жастарға дұрыс кәсіби бағдар берсек, бұл – ел өркендеуінің негізгі кілті болары сөзсіз.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Уақытпен үндес шығармашылық» тақырыбында ауызша журнал шарасы өткізілді

30.11.2022

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бір колледж - бір кітап» акциясы аясында қазақ халқының ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай «Уақытпен үндес шығармашылық» тақырыбында ауызша журнал шарасы өткізілді.
Шараға қатысқан ЗҚТ- 0921-2, ЕТБ-0922-1, ДТС-0919-1, КДН-0922, ЕЭА-1122, ВЕТ-0922 және ТКТ-092 топтарының студенттерімен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне: «Қырық мысал», «Маса», таңдамалы шығармалары, 6 томдық шығармаларының 1 және 6-томдарына оқытушылар М.Дадажанова, С.Маметова, Ә.Сәтенхан, М.Розметова, А.Халилаева, Е.Монтай және И.Кадированың жетекшілігімен ауызша журнал өтіп, білім алушыларға А.Байтұрсынұлының өмір жолы, қызметі, шығармашылығын жан-жақты таныстырып, ақын еңбектерін оқуға шақырды, кітаптарын насихаттады.
Іс-шараға қатысушылар ақын шығармашылығымен сусындап, мол рухани азық алды.

«Ұлт ұстазының ұлағаты» атты челлендж өтілді

29.11.2022

2022 жылы 29 қараша күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің КДН -0922 тобының студенттерінің қатысуымен «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бір колледж - бір кітап» акциясы аясында ағартушы - ғалым, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 толуына орай «Ұлт ұстазының ұлағаты» атты челлендж өтілді.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы жайындағы білімдерін кеңейту, еңбектерін насихаттау, көркем әдебиет оқуға қызығушылықтарын арттыру, ақын өмірін жастарға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Аталған челлендж барысында студенттер ақынның әр түрлі тақырыптағы өлеңдерін мәнерлеп айтып, бір-біріне жолдау арқылы жалғастырып отырды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Оқырмандар конференциясы өтті

28.11.2022

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Бір колледж-бір кітап» акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, кітапханашылардың ұйымдастыруымен ЕТБ-0922-2, КДН-0922 және ЗҚТ-0921-2 топтарының студенттері арасында «Қазақ санасының шамшырағы» атты оқырмандар конференция өткізілді.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқып, талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт-бағдар беру, ақынның құнды мұраларын дәріптеу, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Кітапханашы К.Сүлейменова «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» тақырыбында білім алушыларға әңгімелеп, оның өмірі және шығармашылығы туралы бейнежазба көрсетілді. «Қырық мысал» атты еңбегі жайында ЗҚТ-0921-2 тобының студенті Жақсыбек Нұрсая, «Маса» атты еңбегіне ЗҚТ-0921-2 тобының студенті Темиралиев Бақжан қысқаша шолу жасап, талдаулар жасалды.
Білім алушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейнебаян түрінде қызықты деректер көрсетіліп, викториналық сұрақтарға жауаптар алынып, ақын кітаптарын оқуға кеңес берілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

26.11.2022

Ахмет Ясауи Университетіне қарасты "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің жастар ұйымының студенттері мен белсенді студенттері бүгін сенбілік ұйымдастырды. Іс-шара аясында оқу ғимаратының эәне №3 жатақхананың айналасын тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі іс-шараға жатақхана студенттері де белсене атсалысты.
Ахмет Ясауи Колледжінің ұжымы #TurkistanTazaQala бастамасы аясында сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырған. Күн сайын көркейіп, гүлденіп келе жатқан қаламыздың тазалығына өз үлесімізді қосамыз.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» барысында шебер сынып өтті

25.11.2022

2022-2023 оқу жылындағы «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» тақырыбындағы 21-25.11 жұлдызы күндері аралығында өтетін «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес, "Дизайн" мамандығының пән оқытушысы М.Розметованың ұйымдастыруымен «Қаламсап қабын қолжетімді материалдан оңай жолмен тігу әдістері» атты тақырыбында білім алушыларға шебер сынып өтті.
Іс-шарада қаламсап қабын Pinterest программалары арқылы таңдау және машина тігістерін меңгеру, сонымен қатар дайын болған бұйымның шығынын есептеу үйретілд

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Kahoot.com» платформасында тест тапсырмасы орындалды

25.11.2022

2022-2023 оқу жылындағы «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» тақырыбындағы 21-25.11. жұлдызы аралығында өтетін «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес, математика пәнінің оқытушысы З.Балтабаеваның ұйымдастыруымен ЕТБ-0922-2 тобына «Туындыны табу ережелері» атты тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында «Tarsia» әдісі, «Білім» станциясы семантикалық карта, «Kahoot.com» платформасында тест тапсырмасы орындалды. Осы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жаңа сабаққа байланысты туындыны қарапайым жолдармен есептеу жолдары үйретілді.

Жаңалық Жаңалық

Кезекті ашық сабақ өтілді

25.11.2022

2022 жылы 23 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің математика пәнінің оқытушысы Ж.Халила ЭЕА-0922 тобының студенттеріне «Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: Көрсеткіштік теңдеулер, көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешуді үйрету.
Сабақ барысында Көрсеткіштік теңдеулер, көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу жолдары түсіндіріліп, есеп шығару барысында қолданылды. Есеп шығару барысында, рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері қолданылды.
Сабақты бекіту үшін – «WordWall.net» сайты арқылы қызығушылықты арттыратын ойындар ұйымдастырылып, «Қара жәшік» ойыны, «Сәйкесін тап», «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» әдістерін пайдалана отырып, жаңартылған білім беру оқу бағдарламасы бойынша бағалау критерийлері арқылы жауаптар алынды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Кітап көрмесі өтті

24.11.2022

2022 жылдың 21 қараша күні колледж фоесіне «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бір колледж – бір кітап» акциясы аясында әдебиеттанушы ғалым, педагог, аудармашы, ақын, публицист, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ұлы тұлғаның есімін ұлықтау бағытында кітапхананың апталық іс-шарасының жоспары ілініп, білім алушыларға ұлы қайраткердің әдеби мұраларын таныстыру, еңбектерін жан-жақты насихаттау, жастарды өз елін, жерін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында оқырмандарға Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқу ұсынылды және кітапханада «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында ЕТБ-0922-2 және КДН-0922-2 топтарының қатысуымен кітап көрмесі өткізілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Этно стиліндегі құрақ жастықша тігуді үйрету» тақырыбында шебер сынып өтті

24.11.2022

2022 жылы 24 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Цифрлық білім: жаңа уақыт жаңа шешімдер» тақырыбында өтілетін апталық іс-шара жоспарына сәйкес "Дизайн" мамандығының пән оқытушысы Р.Тажиметованың ұйымдастыруымен КДН-0921-1,2 топтарының қатысуымен «Этно стиліндегі құрақ жастықша тігуді үйрету» тақырыбында шебер сынып өтті. Шебер сыныпта білім алушыларымыз қол өнеріміздің бірі құрақты қысқа уақыт ішінде оңай әдіспен құрау және құрақ жастықша тігуді үйренді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен студенттердің кездесуі өтті

24.11.2022

2022 жылы 24 қараша күні сағат: 11:00-де Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің ұйымдастыруымен "Ахмет Ясауи кәсіби" колледж студенттерімен "Қазақтану" жобасы аясында "Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптары" тақырыбында кездесу өтілді.
Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының салт-дәстүрлерін этнос өкілдеріне насихаттау арқылы жастардың патриоттық рухын көтеру, еліміздегі татулық пен ынтымақтың бір толқында екенін көрсете білу.
Аталмыш іс-шараға модератор Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы Оралбеков Тимур Құрбанұлы мен спикерлер "Қазақстан жобасын жүзеге асыруда өңірдегі этнос жастарының үлесі" тақырыбында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшы орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, "Әділеттік қоғамдағы ұлттық бірегейлік мәселелері" тақырыбында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ардагер ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Садықов Сейдулла Садықұлы, "Этносаралық татулықты қамтамасыз ету болашақ кепілі" тақырыбында Түркістан облысы ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы және "Өзбекәлі Жәнібеков және Қазақтану институтының еңбектері" тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты Адырбек Баян Садыққызының баяндамалары тыңдалып, еркін форматта ұсыныс пікірлер айтылды.
Іс-шара соңы "Қазақтану" жобасы аясында колледж фойесінде ұйымдастырылған көрмемен таныстырылып, келген қонақтар естелікке суретке түсті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Өзіңмен күрес, жетістікке жет!" тақырыбында семинар-тренинг өтті

23.11.2022

2022 жылы 23 қараша күні "Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес, педагог-психолог, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Бекенова мен әлеуметтік педагог, психология пәнінің оқытушысы К.Арысбектің ұйымдастыруымен "Өзіңмен күрес, жетістікке жет!" тақырыбында білім алушыларға семинар-тренинг өтті.
Мақсаты: білім алушылардың өзін-өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу, өмірлік мақсатқа жетудегі өзінің ерекше сапаларын айқындау, қатысушылардың өмірдегі шынайы мақсаттарын іздеу, болашаққа позитивті көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтан тыс іс-шара барысында "Амандасу ритуалы" сабақты ашу, "Мақсатты қалай дұрыс қою керек" бейнеролигі, "Адам мінезіне туылған күннің әсері" болжам, білгенге маржан "Жетістікке жеткен тұлғалар" өмірлеріндегі қиындықтармен күресіп, жетікстікке жеткен тұлғалар туралы, "Мен және менің жетістіктерім" талқылауға арналған сұрақтар беріліп, "Жетістікке жету кілті өз қолыңда" релаксация мен рефлексия жүргізілді.
Іс-шара соңында тренингке қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын жеткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Бір колледж - бір кітап" акциясы аясында іс шара өтілді

23.11.2022

2022 жылы 23 қараша күні "Бір колледж - бір кітап" акциясы аясындағы іс шара жоспарына сәйкес «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушысы А.Халилаева колледж студенттеріне А.Байтұрсынұлының «Маса» шығармасына ауызша журнал тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру.
Тәрбиелік мәні - Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға, құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтан тыс іс-шара барысында «Сәлем – сөздің атасы» әр оқушы өздерін таныстырып, «Білгенге маржан», Сәйкесін тап, «Ізденіс» тапсырмалары орындалып, А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«QR квест» интелектуалды сайысын ұйымдастырылды

23.11.2022

2022 жылы 23 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің арнайы пән оқытушылары А.Қуанышбек пен Ф.Дүйсенбай апталық іс-шара жоспарына сәйкес ВДН-0921, ЕТБ-0920-1 топ студенттеріне «QR квест» интелектуалды сайысын ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты - білім алушылардың танымдық және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділігін арттыру.
Интелектуалды сайыс «Кім жылдам?», «Ойлан,тап!», «Жалғасын тап...», «Ақылдассаң шешерсің», «Кім көп біледі?» атты 5 кезеңді қамтыды. Әрбір кезең бойынша екі топтың студенттеріне қызықты тапсырмалар беріліп, сайыс нәтижесінде ЕТБ-0920-1 тобының студенттері жоғары ұпаймен жеңіске жетті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Колледжде кезекті ашық сабақ өтілді

22.11.2022

2022 жылы 22 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің математика пәнінің оқытушысы Н.Сыздыкова КДН-0922 тобының студенттеріне "Сан логарифмі және оның қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: 2022 жылы 22 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің математика пәнінің оқытушысы Н.Сыздыкова КДН-0922 тобының студенттеріне "Сан логарифмі және оның қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: Логарифм ұғымымен танысу және логарифмге берілген есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру және қасиеттерін жаттау. Тәрбиелік мәні - білім алушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.
Сабақ барысында сан логарифмінің анықтамасы айтылып, қасиеттері түсіндірілді және Логорифмді ойлап тапқан Шотландиялық математик Джон Непер таныстырылды. Сабақты бекіту кезеңінде «Табан ізі» әдісі қолданылды. Ауызша есеп, сәйкестендіру тесті қолданылды. Оқулықпен жұмыс жасалды, оқушыларға үлестірме қағаздары тарқатылды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Толық тізбек үшін Ом заңы" тақырыбында ашық сабақ өтті

22.11.2022

2022 жылы 22 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің физика пәнінің оқытушысы А.Манжан ЕТБ-0922-1 тобының студенттеріне "Толық тізбек үшін Ом заңы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: толық тізбек үшін Ом заңын есеп шығару барысында қолдану.
Сабақ барысында Ом заңы түсіндіріліп, есеп шығару барысында қолданылды. Формуланы түрлендіріп, Халықаралық бірліктер жүйесіне дұрыс айналдырудың жолдары қарастырылды. Жаңа сабақты бекіту барысында ROQED SCIENCE - жоғарғы сапалы интерактивті оқыту бағдарламалық құралы арқылы Ом заңына байланысты бейнебаян көрсетілді.
Сабақты бекіту үшін студенттерді үш топқа бөліп - "Сәйкестендіру", "Кім жүйрік", "Тұлға тану" ойындары мен Ізден! Ойлан! Тап!" әдістері арқылы білім алушылар арасында жарыс ұйымдастырылып, жаңартылған білім беру оқу бағдарламасы бойынша бағалау критерийлері арқылы жауаптар алынды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Цифрлық білім: жаңа уақыт – жаңа шешімдер» тақырыбындағы апталық іс-шараның ашылуы өтті

21.11.2022

2022 жылдың қараша айының 21-25 күндері аралығында өтілетін «Цифрлық білім: жаңа уақыт – жаңа шешімдер» тақырыбындағы «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарының ашылу салтанаты болып өтті.
Апталықтың негізгі мақсаты – оқытушылар мен студенттерге информатика, математика, физика және арнайы пәндерді оқытуда және пәнаралық байланысты жүзеге асыруда жаңа цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарын түсіндіру.
Апталық іс-шараның ашылу барысында бірлестік төрайымы А.Қуанышбек апталық іс-шара жоспарымен таныстырып, білім алушылар қазіргі таңдағы трендтегі бағдарламалардың негізгі қызметі мен жұмыс жасау жолдары туралы анықтама беріп өтті. Оқытушылардың жаңа технологияларды қалай тиімді қолдануға болатындығы туралы пікірлерін анықтай отырып, оқытушыларға сабақ беру кезеңінде мәліметтерді терең меңгертуге жол ашатын арнайы бағдарламамен және оның мүмкіндіктері туралы ақпараттармен бөлісті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

17 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ!

17.11.2022

Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – оқу ордамыздың студенттері. Осы аталмыш мерекеде колледж жастарына арналып "Қызықты көңіл, студенттік өмір" атты мерекелік іс-шарамыз атап өтілді.
Студенттік өмір - адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы.
Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді, - дей келе жастарымызға ...
Студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілек білдіреміз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Студенттер күні құтты болсын!

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Смайылұлы өзінің авторлық кітаптарын сыйға тартты

16.11.2022

Бүгін оқу ордамызда 15-қараша "Ұлттық валюта" күніне орай ұйымдастырылған іс шарамызға арнайы шақырылған қонағымыз экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Смайылұлы Мырзалиев Ахмет Ясауи Колледжінің кітапханасына өзі авторы болып табылатын түрлі экономикалық тақырыптағы 50 дана кітабын сыйға тартты. Ахмет Ясауи Университетінің негізін қалаушылардың бірі саналатын ғалым-ұстаз "есеп және аудит" мамандығының студенттерін өзінің еңбек жолымен таныстырып, бухгалтер мамандығының ерекшеліктерін, кәсіби маманға қажетті дағдылар мен қасиеттердің қыр-сырын түсіндірді. 1993 жылы қарашада теңгені алғашқы рет айналымға енгізудегі орын алған экономикалық мәселелер төңірегінде әңгіме қозғап, ұлттық валютаны енгізудің қаншалықты маңызды болғаны туралы тарихи фактілермен бөлісті.

КІТАП СЫЙЛА АКЦИЯСЫ

16.11.2022

Бүгін оқу ордамызда 15-қараша "Ұлттық валюта" күніне орай ұйымдастырылған іс шарамызға арнайы шақырылған қонағымыз экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Смайылұлы Мырзалиев Ахмет Ясауи Колледжінің кітапханасына өзі авторы болып табылатын түрлі экономикалық тақырыптағы 50 дана кітабын сыйға тартты. Ахмет Ясауи Университетінің негізін қалаушылардың бірі саналатын ғалым-ұстаз "есеп және аудит" мамандығының студенттерін өзінің еңбек жолымен таныстырып, бухгалтер мамандығының ерекшеліктерін, кәсіби маманға қажетті дағдылар мен қасиеттердің қыр-сырын түсіндірді. 1993 жылы қарашада теңгені алғашқы рет айналымға енгізудегі орын алған экономикалық мәселелер төңірегінде әңгіме қозғап, ұлттық валютаны енгізудің қаншалықты маңызды болғаны туралы тарихи фактілермен бөлісті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Су және экологиялық із" тақырыбында ашық сабақ өтілді

16.11.2022

2022 жылы 15 қараша күні «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің география пәнінің оқытушысы С.Сайдуллаева ЭЕА-0922 тобының студенттеріне "Су және экологиялық із" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: суды пайдалану мен су тапшылығы мәселелерін және "экологиялық із" туралы түсіндіру. Тәрбиелік мәні - студенттерге судың ластануы мен су ресурстары экологиясының мәнін аша отырып, ой-өрісін дамыту.
Сабақ барысында су тапшылығы, су дағдарысы түсініктеріне сипаттама берілді, дүниежүзінде су дағдарысынан зардап шегіп отырған мемлекеттермен танысып, су тапшылығын шешу жолдары қарастырылды. "Тұщы су" бейнебаяны көрсетілді.
Сабақты бекіту үшін студенттерді үш топқа бөліп - "Постер қорғау" әдісі, "Анаграмма", "Лабиринт" ойындары мен "Кубок" әдістері арқылы білім алушылардан жауаптар алынды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Теңдік уақыты!" және "АИТВ-инфекциясының алдын алу"

16.11.2022

2022 жылы 16 қараша күні Түркістан облыстық "ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы" МКҚК-ның мамандарымен оқу ордамыздың білім алушыларымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты - жастарға АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы), ЖИТС (Жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) туралы түсініктер, АИТВ-ның әлем бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, оның алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану жайында толығырақ мәліметтер беріліп, білім алушылармен сұрақ-жауап алмасып, пікірлері тыңдалды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

КІТАП СЫЙЛА АКЦИЯСЫ

15.11.2022

Бүгін оқу ордамызда 15-қараша "Ұлттық валюта" күніне орай ұйымдастырылған іс шарамызға арнайы шақырылған қонағымыз экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Смайылұлы Мырзалиев Ахмет Ясауи Колледжінің кітапханасына өзі авторы болып табылатын түрлі экономикалық тақырыптағы 50 дана кітабын сыйға тартты. Ахмет Ясауи Университетінің негізін қалаушылардың бірі саналатын ғалым-ұстаз "есеп және аудит" мамандығының студенттерін өзінің еңбек жолымен таныстырып, бухгалтер мамандығының ерекшеліктерін, кәсіби маманға қажетті дағдылар мен қасиеттердің қыр-сырын түсіндірді. 1993 жылы қарашада теңгені алғашқы рет айналымға енгізудегі орын алған экономикалық мәселелер төңірегінде әңгіме қозғап, ұлттық валютаны енгізудің қаншалықты маңызды болғаны туралы тарихи фактілермен бөлісті.

Жаңалық Жаңалық

Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы

14.11.2022

"Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің дүниежүзі тарихы пәнінің оқытушысы Ұ.Шорабекова "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" атты іс-шара аясында КДН-0922 тобына "Саяси режим түрлері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, ізденістерін дамыту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында саяси режимдердің типтерінен мәліметтер беріп, «Жасырынған сөздер», «Жетістік баспалдағы» ойындары, «Аристрократия» сөзіне ребус шешу, «Саяси режим» бейнебаяны көрсетіліп, «Сөзжұмбақ» арқылы өтілген тақырыпты бекітті.

Жаңалық

ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН СТУДЕНТ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ

11.11.2022

5-қазан күні Ахмет Ясауи Колледжінде "Жұмыс берушілер күні" өткізіледі. Оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бұл шараға Rixos Turkistan, HiTech, Кәусар, Қалалық ветеринарлық инспекция, Облыстық олимпиада ізбасарларын даярлау спорт мектебі, Құқық қорғау орындары, Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және түлектерімізге жұмыс беруші болып табылатын басқа да мекемелердің басшыларын шақырамыз.
Жиын барысында жұмыс берушілерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, маман даярлаудың заманауи бағыттарын түсіндіру бойынша студенттермен кездесу, академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламасына енгізілетін пәндерді талқылау, меморандумдар мен келісімдерге қол қою, үздік жұмыс берушілерді Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың алғыс хатымен марапаттау шаралары ұйымдастырылады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Түстер симфониясы»

09.11.2022

2022 жылдың 09 қараша күні «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты айлық іс-шара аясында, тарих пәнінің оқытушысы Ұ.Шорабекова мен география пәнінің оқытушысы С.Сайдуллаеваның ұйымдастыруымен КДН-0919, КДН-0920 топтары арасында «Түстер симфониясы» тақырыбында сабақтан тыс іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің күзгі табиғатты әсем бейнелеп, өз мамандықтарына сәйкес шеберліктерін шыңдау, қызығушылығын арттыру.
Байқау 4 айналымды қамтыды:
I айналым. Таныстыру
II айналым. «Күзгі табиғат тақырыбында бормен сурет салу» сайысы
III айналым. Күзгі үлгіде екі топ студенттерінің өз қолдарымен жасаған көйлектері.
IV айналым. «Қазақстанның өткені мен бүгіні» тақырыбында сурет салу
Нәтижесінде КДН-0919 тобы «Үздік суретші» номинациясымен, КДН-0920 тобы «Үздік дизайнер» номинациясымен марапатталды.

Жаңалық Жаңалық

МЕЙІРІМДІЛІК ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

08.11.2022

Ахмет Ясауи Колледжінде бірге оқитын құрбы-құрдастарының бастамасына қолдау білдірген "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының білім алушылары "Жақсылық жасаудан жарысайық" эстафетасын жалғастырды. Циклдық пән бірлестігінің жоспарына сәйкес қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде студенттердің тәжірибе сабақтарында дайындаған өнімдерін сатып, түскен қаржыға әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға азық-түлік сатып алынды.
Азық-түліктерді Түркістан қаласының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Алтынбаева Әминаға және Кентау қаласында тұратын көп балалы Лопатко Иринаның отбасына жеткізді. Аталған екі отбасы жалдамалы пәтерде тұрады.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастырған арнайы пән оқытушысы Жұлдыз Сүлейменоваға және студенттерімізге алғыс айтамыз.

Жаңалық Жаңалық

"Ғаламдық экологиялық проблемалар" тақырыбында ашық сабақ өтілді

07.11.2022

География пәнінің оқытушысы Н.Ибрагимова ЕТБ-0922-2 тобының студенттеріне "Ғаламдық экологиялық проблемалар" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты - ғаламдық проблемалар және олардың пайда болу себептері туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Тәрбиелік мәні - студенттерге табиғи ортаны қорғауға, сүюге, табиғат байлықтарын сақтау.
Сабақ барысында ғаламдық проблемаларға сипаттама беріліп, ғаламдық экологиялық проблемаларды шешу жолдары қарастырылып, "Ғаламдық экологиялық проблемалар" бейнебаяны көрсетілді. "Ой түрткі", "Ментальды карта", "Екі түрлі түсінік" ойындары мен "Сәйкестендіру" кестесі, "Сиқырлы жәшіктер" сұрақтары кеспе қағаздар арқылы білім алушылардан жауаптар алынды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Құқықтану" студенттері ашық есік күніне барып қайтты

04.11.2022

2022 жылдың 31 қазан күні Түркістан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен колледжіміздің "Құқықтану" мамандығында оқитын ЗҚТ-0921-1 тобының студенттері мен арнайы пән оқытушысы Г.Қалдыкөзованың жетекшілігімен ашық есік күніне барды.
Кездесу барысында бөлім басшысы Ә.Серікбаев білім алушыларға Түркістан облыстық соттың құрылу тарихы мен осы сотты басқарған төрағаларымен таныстырды. Сонымен қатар Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы А.Байтуарова соттың қызметіне тоқталып, қазіргі уақыттағы сот төрелігін асырудағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу соңында Соттар Әкімшісінің әр құрылымдылық бөлімшелерінің қызметтеріне тоқталып, соттардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға құжат тапсыру, конкурстан өту тәртібі туралы ақпарат берді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Эмоция мен сезім тақырыбында ашық сабақ өтті

03.11.2022

2022 жылдың 03 қараша күні "Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі, педагогика және психология пәнінің оқытушысы Шәмшат Толқын ЗҚТ-1121 тобына эмоция мен сезім тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында эмоция мен сезімнің түрлері жайлы түсіндіріліп, эмоция мен сезімнің адам өмірінде маңыздылығы қарастырылды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Тақырыптық атаулар» ойыны, «Мені түсін» ойыны, «Эмоцияны көрсет» жаттығуыларын қолданды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды

02.11.2022

2022 жылдың 02 қараша күні "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан қалалық ІІБ ЖҚП-ның ЮП-ның учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Е.Өндірбай, полиция учаскелік инспекторы, аға лейтенанты Қ.Талас келді. Сонымен бірге, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және колледждің оқытушылары мен студенттері де қатысты.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындар да және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары бар екендігін ескертіп, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.
Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Іс-шара соңында Түркістан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен "Жасөспірім", "Түнгі қаладағы балалар" тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы бейнеролик көрсетілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Колледж кітапханасында іс-шара болып өтті

02.11.2022

2022 жылдың 31 қазан күні колледж кітапханасында "Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Біләл Мереке іс-шара өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты: Әдеби аукцион типінде Абай шығармашылығын талдай отырып, білім алушылардың білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту, оларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер білім алушыларға беріліп, оның кітаптарымен таныстырды.
Іс шараға ЕТБ-0922-2 тобының студенттері қатысты. Оқытушы топты "Ибраһим" және "Телғара" деп екі топқа бөліп, "Ойлан,тап!" ойыны арқылы бейнеленген суреттерде ақын өлеңдерінің бір шумағын тауып, сонымен бірге "Аукцион" ойынында 10-20-30-40-50 ұяшықтағы сұрақтарға жауаптар алды.
Нәтижесінде "Ибраһим" тобы үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті» айлық іс-шарасының ашылуы болып өтті

01.11.2022

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің 01.11.-30.11.2022 ж.ж. күндері аралығында айлық іс-шара жоспарына сәйкес, колледж фойесінде бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті» айлық іс-шарасының ашылуы болып өтті.
Мақсаты: Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті мағлұмат беру. Еліміздің ұлттық рәміздерін қастерлеуді жастар бойына сіңіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа баулып, ұлы тұлғалардың ерен ерлігін үлгі қылып, насихаттау болып табылады.
Іс-шара барысында еліміздің Әнұраны шырқалып, мемлекеттік нышандарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, ұлы тұлғаларымызға арналған жыр-шумақтарын білім алушыларымыз мәнерлеп оқыды.
Іс-шара соңында бірлестік төрайымы Н.Ибрагимова айлық іс-шара жоспарымен таныстырып, Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты.
Ендеше, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік, ағайын!
Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын! деп өз сөзін қорытындылады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАУ!

31.10.2022

"АБК" БОКС КЛУБЫ Сарыағаш қаласында ұйымдастырылған "2022 жыл Балалар жылына" және "25 қазан Республика күніне" арналған бокстан 2005-2006 жылдары туылған жастар арасындағы Түркістан облысының чемпионатында 46 кг салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін колледжіміздің ЕТБ-0922-2 тобының студенті Жумадуллаев Ерасыл Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Қ.Жолдықараевтың грамотасымен марапатталды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында іс-шара өтті

28.10.2022

Колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде» тақырыбында жалпы білім беретін пән оқытушысы Өтешова Гүлназ Полатбекқызы кітапханалық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты бойына сіңіру.
Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері жөнінде айтылды, ойындар ұйымдастырылды. Мақал-мәтелдер сайысы өтті. Кітапханамыздың салт-дәстүр жайындағы кітаптарымен таныстырылды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Құттықтаймыз!

27.10.2022

2022 жылдың 22 қазан күні "ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы" аясында Түркістан қаласының студент жастарының арасында "Мен елімді сүйемін!" тақырыбында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық әндерді жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен жас әншілер байқауына колледжімізден білім алушылар ЭЕМ-0922 тобының студенті Тілеуберген Ақәділ I орын Диплом және сый-сияпатпен, ТКА-0922-1 тобының студенті Ақтай Гүлназым Алғыс хатпен марапатталды.

Жаңалық Жаңалық

ПАТРИОТТЫҚ ТАҚЫРЫПТА ДИКТАНТ АЛЫНДЫ

26.10.2022

Республика күні қарсаңында жастарды патриоттыққа, адалдыққа, азаматтыққа, отансүйгіштікке баулу және тәрбиелеу мақсатында Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері "Атамекен - алтын бесік" тақырыбында диктант жазды. Тек тәрбиелік маңызы емес, сонымен қатар, жазу сауаттылығы дағдысын қалыптастыратын бұл шараға 150-ден астам студент қатысты. Диктант қорытындылары сараланып, оқу процесі барысында есепке алынады. Ал үздік студенттер колледж басшылығы тарапынан марапаттарға ие болды.

Республика күніне құттықтау!

25.10.2022

Ахмет Ясауи Колледжінде білім алатын түрлі ұлт өкілдерінің Республика күні мерекесіне арналған құттықтауларын қабыл алыңыздар.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН ЖАРЫСАЙЫҚ

23.10.2022

Республика күні қарсаңында Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінің "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының білім алушылары практикалық сабақ барысында өздері дайындаған тамақ өнімдерін қала көшелерін тазалау және көгалдандырумен айналысатын қызметкерлерге таратты. Қиын да қажетті жұмысты атқарып жүрген апа-көкелеріне студенттеріміз бауырсақ, самса, бәлішпен бірге ыстық шай мен кофе ұсынды. Тәрбиелік маңызы зор іс-шараға жетекшілік жасаған арнайы пән оқытушыларына алғысымыз шексіз. Оқу ордамыздың басқа топтарындағы студенттердің бұл бастамаға қолдау білдіріп, қайырымдылық жасау шараларын қолға алуы көңілге қуаныш ұялатады. Олар туралы келесі посттарда жазамыз.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Өзін-өзі басқару күні

22.10.2022

2022 жылдың 22 қазан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай студенттердің қатысуымен «Кітапханада өзін-өзі басқару» күні болып өтті. Студенттер кітапханашылардың күнделікті атқаратын жұмыстарымен танысып, кітапхана оқырмандарына қызмет көрсетті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ

22.10.2022

Бүгін Ахмет Ясауи Колледжінің ұжымы таза қала қалыптастыру мақсатындағы жүргізіліп жатқан "Көңілді сенбілік" жалпықалалық акциясына өз үлесін қосты. Білім ордамыздың оқытушы-қызметкерлері мен белсенді студенттері оқу ғимаратының аумағын және Тәуке хан даңғылының колледж орналасқан тұсындағы жаяу жүргіншілер жолының айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Жаңалық Жаңалық

ПАТРИОТИЗМ ДАУЫСЫ

21.10.2022

Бүгін Ахмет Ясауи Колледжінде 25-қазан "Республика күні" мерекесіне орай мемлекеттік әнұранды жаппай орындау іс-шарасы өтті. Жастардың бойында патриоттық сезімді нығайтуға арналған бұл шараға таңертеңгі ауысымда оқитын 500-ге жуық студент қатысты.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының хантәңірі» тақырыбында іс-шара өтілді

19.10.2022

Мақсаты: білімгерлерге М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, ақын еңбектеріне талдау жасау арқылы әдебиетке деген таным-біліктерін шыңдау, жастарды көркем әдеби кітап оқуға шақыру.
Ақынның лирикалық өлеңдерінен ЭЕА-1122-2 тобының студенттері мәнерлеп оқып, оның аудармаларына тоқталып өтті, сонымен қатар «Батыр Баян», «Қорқыт» сынды поэмаларынан үзінділер айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Нәтижесінде Бабаханова Диана өзінің ізденімпаздығымен, білімділігімен ерекшеленіп, «Оқу көшбас- шысы» номинациясына ие болып, грамотаман марапатталды.

Жаңалық

"Ұлттық ойындар" сайысы

18.10.2022

25 қазан - Республика күніне орай, Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында өткізілген қол күрес сайысында I орын иеленгені үшін ДТС-0921-1 тобының студенті Мақұлбек Нұрдаулет және гір тасын көтеруден II орын иеленгені үшін ДТС-0919-1 тобының студенті Саматұлы Ерсін Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың Дипломымен, Арыс қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту - бүгінгі күннің міндеттерінің бірі болып табылатындықтан оқу ордамыздың жеңіске қол жеткізген білім алушыларымызға бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға шын жүректен тілектеспіз. Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!

Жаңалық Жаңалық

СПОРТШЫҒА ҚҰТТЫҚТАУ

17.10.2022

Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алуға арналған дзюдодан 2003-2005 ж.т. жастар арасындағы XXI халықаралық турнирде 63 кг салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін оқу ордамыздың 2 курс студенті Бейсенбекова Дария Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысы Р.Рүстемовтың дипломымен марапатталды. Спорт саласындағы жетістіктеріңіз арта берсін!

Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14.10.2022

Жаңа Қазақстанның денсаулығы қуатты ұрпағын қалыптастыруда жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, жасөспірімдердің ғасыр дерті саналатын зиянды және бейәдеттерден аулақ болуға шақыру, бүгінгі жас буынды адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Жастарымызды жаңару мен жаңғыру жолына баулу, қоғамның қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, шығармашылық өнеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілген қалалық «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» плакаттар байқауында II орын алғаны үшін КДН-0919 тобының студенті БЕРДАЛЫ АЙБАНУҒА Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы атынан Диплом мен 70 мың теңге сыйақы табысталды. Құттықтаймыз! Жарқын болашақ пен шығармашылық өрлеу тілейміз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

СПОРТШЫҒА ҚҰТТЫҚТАУ

11.10.2022

2022 жылы қазан айының 5-9 күндері аралығында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында өткен Ауыл спортшыларының XXXV-ші "Алтын күз - 2022" облыстық спартакиадасының бағдарламасында аударыспақтан 80 кг салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алғаны үшін "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының 2 курс студенті - Құрбанғали Нартай Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқарма басшысы Р.Рүстемовтың Дипломымен марапатталды. Жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайрат танытып, мерейімізді үстем ете білген студентімізді құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз! Әр жылымыз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын ерлеріміздің қатары көп болсын.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ - ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

07.10.2022

2022 жылдың 07 қазан күні, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының жұмыс жоспарына сәйкес, Акт залында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, "Бітімгер" медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы - Бақытжан Бейсембаев пен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің найб имамы - Таңат Серікбаймен колледж оқытушылары мен студенттердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты - Отанымызда саяси тұрақтылық пен ұлттық татулықты ұлтына, діні мен нанымына бөлмей, елдің барлық азаматтарының құқықтары мен мүмкіндіктерін теңдей сақтап келе жатқандығын ақпараттандыру.
Кездесу барысында - Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы және 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын негізге ала отырып "Ұлтаралық татулық - елдегі тұрақтылықтың кепілі" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби-кеш

30.09.2022

2022 жылдың 30 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 толуына орай «Әлемге әйгілі - Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кеш барысында «Өзім оқып шықтым, саған кеңес беремін» атты библио-кроссқа қатысушы ВДН-0922-2 тобының студенттері М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қорғансыздың күні», Қараш-қараш», «Қилы заман» кітаптарына презентация жасап, фотосуреттер мен кітаптың негізгі идеясын айтатын видеолар көрсетіп, оқылған кітаптардан үзінділер оқыды, жазушының ойын өз сөздерімен айтып берді. Іс-шарада жазушының жанды дауысы тыңдалып, «Ұлы адамдардың естеліктері» туралы слайд көрсетілді, КДН-0921, КДН-0921-2, КДН-1122, ЕТБ-0921, ЕТБ-0922-2 топтарының студенттері Қ.Аманжоловтың «Мұхтар аға», С.Мәуленовтың «Мұхаңа», М.Шахановтың «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?» және Р.Ғамзатовтың «Мұхтар аға» тақырыбындағы ақындардың жазушыға арнаған арнауларын мәнерлеп оқыды.
М.О.Әуезовтің шығармашылық өміріне саяхат жасау мақсатында «М.Әуезовтің асыл мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ӘДЕБИ - САЗДЫ КЕШ

29.09.2022

2022 жылдың 29 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің акт залында кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткен республикаға белгілі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, ғалым, өнертану мамандығының доценті, мәдениет қайраткері, Қазақстанның жаңа есімдері тізіміне енген сазгер – әнші Елеуов Сауранбек Еркінбекұлымен «Сырдың тұмса таланты» атты кездесуге оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Әдеби - сазды кеште Сауранбек Елеуов талант биігіне жетудің қыр-сырымен бөлісіп, кейбір әндерінің туу тарихына тоқталды. Табиғаттың өзі тартқан ерекше талант иесі шәкіртімен, студенттермен бірге өз әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сазгер-әнші студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Кітапханашы қаламгердің музыка саласын қамтыған кітаптары мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларымен таныстырды. Елеуов Сауранбек өзінің ризашылығын білдіріп, «Айдында жүзген аққулар» атты кітабын кітапханаға сыйға тартты. Кеш соңында қонағымызға шығармашылық табыстар тілеп, сый-сияпат жасалды. Бұл кездесудің студент жастар үшін тағылымы мен өнегесі мол болды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Колледж кітапханасында ашық есік күні болып өтті

22.09.2022

2022 жылдың 22 қыркүйегінде «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапхана – табыс мекені» атты ашық есік күні болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: 2022-2023 оқу жылында қабылданған студенттерге кітап оқуды насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Білім алушылар кітапханаға саяхат жасау барысында, кітапхана қорындағы кітап қорымен танысып, қажетті ақпараттар алды. Шара соңы оқырман билеті, оқырман формулярын толтырумен аяқталды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

16.09.2022

Колледж оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полиция капитаны - Турсынбек Медет және Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы қатардағы полицейі - Аметова Гузалмен кездесу ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00 де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00 ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажетті екендігін атап өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Оқуға құштар колледж"

14.09.2022

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж фоесінде «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап–достарын іздейді» атты «Буккроссинг» бұрышы ұйымдастырылды.
«Буккроссинг» - кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы.
Жобаның негізгі идеясы өзара кітаптармен алмасу. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты оқуға мүмкіндік алады.
«Буккроссингтің» басты мақсаты оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

Жаңалық

"БІЛІМ КҮНІ" ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

01.09.2022

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер мен ата-аналар!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын жас маман!

Жаңалық

"Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі жұмысқа шақырады

25.08.2022

1. "Есеп және аудит" мамандығының оқытушысы - 1 штат бірлігі;
2. "Орыс тілі" пәнінің оқытушысы - 2 штат бірлігі.
Мекен-жайымыз: Тәуке хан даңғылы 340
Байланыс телефоны: 87028492791

Жаңалық

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР НӘТИЖЕЛЕРІ

28.07.2022

"Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде 2022-2023 оқу жылына қабылданатын талапкерлерден 4S02120203-Киім дизайнері мамандығы бойынша 25.07.2022 ж. мерзімінде 1-ші шығармашылық емтихан және 27.07.2022 ж. мерзімінде 2-ші шығармашылық емтихан қабылданды. Шығармашылық емтихан нәтижелері төмендегідей

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР ӨТУДЕ

27.07.2022

Ахмет Ясауи Колледжінде 2022-2023 оқу жылына қабылданатын талапкерлерден 4S02120203-Киім дизайнері мамандығы бойынша шығармашылық емтихандар қабылдануда.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

11.07.2022

Ахмет Ясауи Колледжінің 2022 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл оқу орнын 300-ге жуық білім алушы тәмәмдады. Салтанатты шараға үздік диплом иегерлері, WorldSkills-2022 облыстық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, білім байқаулары мен спорттық жарыстарда топ жарғандар, колледж қабырғасында өзін белсенді танытқан бітірушілер шақырылды.
Диплом табыстау рәсімін Ахмет Ясауи Университетінің академиялық істері жөніндегі вице-ректоры Элмира Қайсарбайқызы Идрисова салтанатты ашып, түлектерге құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараға биылғы түлектерді жұмысқа қабылдаған мекеме басшылары мен өкілдері шақырылды. Атап айтқанда:
🔸 Түркістан қалалық ветеринария бөлімі МКҚК басшысы - Момбеков Әбілқайыр;
🔸 Түркістан облысының Әділет департаментінің өкілдері - Бейсебек Гүлсезім, Құралай Мырзатаева;
🔸 "КӘУСАР" шайханасының басшысы - Абиева Қатира;
🔸 "RIXOS TURKISTAN" қонақ үйі ресторанының шеф-повары - Ахметшин Марат;
🔸 Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы - Төлебаев Ерасыл.
20-дан астам түлегіміздің практика барысында білікті маман ретінде білімі мен қабілеттерін көрсетіп, осы мекемелерге жұмысқа қабылданғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылданған түлектерге дипломдарды өздері табыстады.
Кеш соңы түлектерге арналған мерекелік іс-шараға ұласты.

Жаңалық

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы бос орындарға үміткерлер тізімі

30.06.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын ЕТБ-1120-1 және ВЕТ-0920-1 топтарындағы бос орынға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан үміткерлер іріктелді. Іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, таңдалған оқушыларға бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

“Таза сессия” аясында студенттерден сауалнама алынды

25.06.2022

“Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында “таза сессия” акциясы негізінде сынақ-емтихандар барысында әртүрлі мамандық студенттерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға 137-студент қатысты.
Сауалнаманың басты мақсаты: Оқу орындарындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және ашықтықпен академиялық адалдықты қамтамасыз ету.
❗🔺Акция нәтижесі білім беру ұйымындағы оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды және білім ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жаңалық

ХАБАРЛАНДЫРУ!

24.06.2022

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ТАЛАПКЕР!

РОБОТОТЕХНИКА - БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

22.06.2022

Бүгінгі таңда робототехника өмірімізге дендеп ене бастады. Сарапшылар алдағы 20 жылда адам атқаратын жұмыстардың тең жартысын роботтар атқаруы мүмкін деген жорамал айтуда. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып саналады. Робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге негізделеді. Қазіргі уақытта оқу орындарында факультатив және элективті курстарда " Робототехника негіздері" пәні енгізілуде.
Ахмет Ясауи Университеті қарасты Ахмет Ясауи Колледжінде 2020-2021оқу жылынан бастап "Техник-бағдарламашы" мамандарына "Робототехника" пәні оқытыла бастады.
Оқу орнымыздың командасы 2021 жылы Көкшетау қаласында өткен WorldSkills ұлттық чемпионатында жүлделі орыннан көрінсе, биыл тағы да облыстық WorldSkills-2022 чемпионатында топ жарып, қараша айында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдаманы жеңіп алды..

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу іс шаралары өтті!

15.06.2022

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде білім алушылары үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 2-қосымшасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларына» бітіруші түлектердің қорытынды аттестация және біліктілік тағайындау емтихандары басталды. Мамандықтың оқу жоспарын толық аяқтаған бітірушілерді емтиханға жіберу туралы бұйрығы шығарылды. Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 25 тармағына сәйкес қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы кәсіпорындар мен жұмыс беруші мекемелердің білікті мамандарынан 65% және білім беру ұйымы өкілдерінен 35 % арақатынасында құрылған.
Қорытынды аттестаттау емтихандарына жауапты оқытушы кеңес сағаттарын өткізіп, әрбір сұрақты талқылап, сұрақтарға толық мәлімет береді. «Таза сессия» жобасының аясында қорытынды емтихандардың әділ өтуін қадағалау үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Емтихандарға жауапты тұлғалар мен хатшы тағайындалған кесте бекітіліп, барлық білім алушыларға таныстырылды. Оқытушылар мен оқушыларға қорытынды бақылау барысындағы ашықтық, академиялық адалдық талаптары мен жалпы тәртіптің сақталуы туралы ереже таныстырылды. «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің басшылығы - студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессия» өткізуді бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары аясында әділдікке қол жеткізуге шақырады.
Бақылау барысында емтихандардың өтуін бағалау мақсатында актілер толтырылып, қорытынды жазылады. Емтихан тапсырушы барша студенттерге сәттілік тілейміз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

WORLDSKILLS - 2022 TURKISTAN МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

06.06.2022

Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру орындарының арасында өткізілген WorldSkills-2022 облыстық чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған байқауда 40-қа жуық колледждің студенттері шеберліктерін сынады.
Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері "МОБИЛЬДІ РОБОТОТЕХНИКА" және "АҚПАРАТТЫҚ КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕР" құзыреттіліктері бойынша I-орынды жеңіп алды. Екі команда мүшелері қараша айында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдама алды.
Сонымен қатар, "WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАР" және "ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН" мамандықтарынан қатысқан командалар 2-орынды жеңіп алса, "Аспазшы" құзыреттілігі бойынша бақ сынаған студентіміз арнайы медальонға ие болды. "Ветеринария", "Кондитер", "Мейрамхана ісі" және "Мобильді қосымшалар" құзыреттіліктері бойынша қатысушыларымыздың шеберліктері сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Чемпиондар мен жүлдегерлер облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан қаржылай марапатталды және грамоталар мен медальдар тапсырылды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жаңалық Жаңалық

Бүгін - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл!

04.06.2022

Отанымыздың ұлттық мақтанышы - мемлекеттік рәміздерге арналады.
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі - мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен-Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

04.06.2022

Ахмет Ясауи Колледжі барша қазақстандықтарды 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды. Бүгін колледж ұжымы жұмыс күнін бір мезетте мемлекеттік әнұранды айтудан бастады. Сонымен қатар, академиялық топтарда мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге байланысты түрлі іс-шаралар: тәрбие сағаттары, танымдық викториналар ұйымдастырылуда.
КӨК ТУЫМЫЗДЫ БИІКТЕН ТҮСІРМЕЙІК АҒАЙЫН!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

“WORLDSKILLS TURKESTAN - 2022” облыстық чемпионаты басталды

01.06.2022

Техникалық және кәсіптік білім беру саласының студенттері арасында өткізілетін WorldSkills-2022 чемпионаты басталды. Алдағы үш күнде облыстағы колледждердің командалары өз шеберліктерін көрсетіп, жеңімпаздарды анықтайды. Биылғы чемпионатқа 59 құзыреттілік бойынша 294 студент қатысып жатыр. Жарыс Түркістан, Шымкент, Сарыағаш, Жетісай, Кентау қалаларында және Төлеби ауданында орналасқан колледждерде өткізілуде. Ахмет Ясауи Университетінің құрамындағы Ахмет Ясауи Колледжінде "Мобильді робототехника" және "Мейрамхана қызметі" құзыреттіліктері бойынша байқау өтуде. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ

21.05.2022

Бүгін Ахмет Ясауи Колледжінің 1-2 курс студенттерінің бір аптаға созылған оқу-дала жиыны аяқталды. Мақсат - қарулы күштердің мәртебесін арттырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мүмкіндігінше әскери талапқа сәйкестендірілген оқу-дала жиыны барысында ұл балдарға әскери-тактикалық дайындық, саптық дайындық машықтары үйретілсе, ал қыздарымыз алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің қыр-сырын меңгерді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ВОЛЕЙБОЛДАН ҚЫЗЫҚТЫ ТУРНИР ӨТТІ

19.05.2022

Ахмет Ясауи Университетінің қүрамындағы Ахмет Ясауи Колледжінде волейболдан топаралық турнир өтті. Колледждің жаңадан салынған ашық спорт алаңында өткізілген бұл жарысқа 20-дан астам команда қатысты. Тартысты өткен ойындардың нәтижесінде I-орынды ДТС-0920 тобы, II-орынды ДТС-1121(1) тобы және жүлделі III-орынды ЗҚТ-0920(2) тобы жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

18.05.2022

Бүгін Ахмет Ясауи Колледжіне ҚР-нің Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бастамашыл топтың өкілдері келді. Оқу ордамыздың оқытушы-қызметкерлерімен кездесу барысында 5-маусымда өтетін референдумда Конституцияның қандай баптарына қандай өзгерістер енгізілетіні және ол өзгерістерден қоғам үшін қандай оң нәтижелер күтілетіні туралы әңгіме қозғалды

ЖАС САРБАЗДАР ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАДЫ

17.05.2022

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"ЖАС САРБАЗ" СЛЕТІ ӨТТІ

14.05.2022

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Ахмет Ясауи Колледжінің базасында "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының слеті ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сана-сезімін арттыру, әскери борышты өтер алдындағы шеберліктерін шыңдау және әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген бұл шараға 30-ға жуық колледж командалары қатысты....
Слет барысында әскери дайындық түрлері мен квест ойындарының байқауы өтті. Бұл байқауға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күдербаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы төрелік етті. Қазылар алқасында Түркістан қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, қалалық Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамынан, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасынан, облыстық "Жас Сарбаз" қозғалысынан, ЖОО-нан өкілдер болды. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың нәтижесі келесідей:
Жалпы командалық есепте
1-орын: «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі;
2- орын: Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі;
3- орын: №7 колледж.
Номинациялар:
1. АК-74 қаруын толық емес бөлшектеп жинақтау
«Ең епті» номинациясы:
Ұлдар арасында -Төлебай Бақтияр (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі);
Қыздар арасында - Құдайберген Ұлбазар («Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі);
2. Пневматикалық қарудан атыс жүргізу (Тир ату)
«Үздік сұрмерген» номинациясы:
Ұлдар арасында - Естай Бекмұхамед (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі);
Қыздар арасында – Шарипбекова Ақтолқын (№7 колледж);
3. Әскери әуенмен жүріп өту
«Үздік саптық дайындық» номинациясы
Команда – Сарыағаш медресе колледжі.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ШӘКІРТІМІЗ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

12.05.2022

Қаладағы "Ұлы Дала Елі" орталығында ҚР рәміздерінің 30 жылдығы және Балалар жылына орай "Бабалар рухы үн қатты" деп аталатын дәстүрлі ән-терме, жыр-толғау байқауы өтті. Өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды таныту, өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда Ахмет Ясауи Колледжінің студенті Бердалы Айбану III-орынды жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

МЕДИЦИНА АДАМДЫ, АЛ ВЕТЕРИНАРИЯ АДАМЗАТТЫ ЕМДЕЙДІ

06.05.2022

Түркістан облысында 2021 жылы 1 млн. 150 мың бас ірі қара, 5 млн. 100 мың бас уақ мал, 385.2 мыңға жуық жылқы, 38 мыңға жуық түйе және 2 млн 400 мыңға жуық құс басы болды.
Норматив бойынша 850-900 бас малға 1 ветеринар дәрігер қажет. Өңіріміздегі мал басының жылына орта есеппен 8-9% өсетінін ескерсек, келешекте де ветеринар мамандығына деген сұраныс жоғары болады.
Дұрыс таңдау жасаңыз!

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ!

04.05.2022

Ахмет Ясауи Колледжінің студенттерінің 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне дайындаған дүниесін қабыл алыңыздар.

Жаңалық Жаңалық

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

04.05.2022

Сәуір айының 29-30 күндері Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері мен колледж басшылығы арасында кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж жұмысын жақсартуға байланысты ұсыныстар талқыланды, студенттерді толғандыратын сұрақтарға жауаптар берілді, білім жүйесіне енгізіліп жатқан соңғы жаңалықтар мен жастардың қазіргі қоғамдағы проблемалары туралы әңгіме қозғалды.
Сонымен қатар, студенттерге табиғат аясына саяхаттау кезінде сақтауға тиісті негізгі қауіпсіздік ережелері, таулы аймақта немесе өзен жағасында саяхаттаудың негізгі талаптары, табиғатты қорғау және тазалықты сақтау шаралары түсіндірілді. Соңғы жылдары облыс аумағындағы таулар мен өзендерде орын алған қайғылы жағдайлардан мысал келтіріліп, мұндай оқиғалар бізге ащы сабақ екендігі қатаң ескертілді.

Жаңалық

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы бос орындарға ауыстыру

30.04.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтардағы бос орындарға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, төмендегі оқушылар бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылды.

Жаңалық

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы бос орындарға үміткерлер тізімі

30.04.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын ВЕТ-0920-1 тобындағы бос орынға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан үміткерлер іріктелді. Іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, таңдалған оқушыға бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ ӨТТІ

29.04.2022

Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінде "Ашық есік" күні өтті. Түркістан қаласы және Сауран ауданында орналасқан мектептердің 9-11 сынып бітірушілері оқу ордамызды аралап, материалдық-техникалық базамызбен танысты. Білікті мамандарымыз мектеп оқушыларына колледжде даярланатын мамандықтар бойынша қызықты мағлұматтар берді. Сондай-ақ колледжде оқитын студенттермен пікір алмасып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Колледжге түсемін деушілерге оқуға қабылдаудың ережелері мен ерекшеліктері түсіндірілді.

Ахмет Ясауи Колледжінің "ҚҰҚЫҚТАНУ" МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА

28.04.2022

ӨНЕРПАЗДЫҢ ОН ҚОЛЫ БАР

27.04.2022

Әдемі киім кигенді барлық адам ұнатады. Сәнді киімдерді тігіп, өзіндік сән үлгісін калыптастыратын мамандар - киім дизайнерлері. Алдағы уақытта қандай киімдер сәнді болатынын, жаңа киімнің үлгісін, пішінін, матасын киім дизайнері дайындайды. Ахмет Ясауи Колледжінде осы саланың білікті мамандары дайындалады.
Дұрыс таңдау жасаңыз!

Жаңалық

Ашық есік күні

26.04.2022

ҚҰРМЕТТІ 9-шы және 11-ші СЫНЫП ТҮЛЕКТЕРІ!

Сіздерді 27.04.2022 күні Ахмет Ясауи Колледжіне "АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ" шақырамыз.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ФУТБОЛ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

25.04.2022

Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері арасында өткізілген кіші футболдан колледж біріншілігі аяқталды. Салауатты өмір сүру салтын насихаттауға, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және колледж құрамасына ойыншыларды іріктеуге арналған турнир 3 күнге созылды. Нәтижесінде өзінің үздік ойын-өрнегін көрсеткен ЗҚТ-0920-2 тобы командасы I-орын, ДТС-0921-2 тобы II-орын және ЕТБ-0920-1 тобы III-орынды иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларды құттықтаймыз!

Жаңалық Жаңалық

Тілдер айындағы кезекті ашық сабақ өтті

24.04.2022

"Филологиялық"пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ысқақ Әсел "Тіл-татулық тірегі" атты айлық іс-шара аясында "ЕТБ-0921-1Б" тобына “Learns read non-fiction” атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер оқулықтағы мәтіндерді аударып, берілген сұрақтарға жауап берді. Ғылыми-танымдық мәтін және кітап түрлерімен танысып, ”High mark”, ”Puzzles” ойындары арқылы сөздік қорларын дамытты. ”Brainstorming” әдісі арқылы жылдам ойлау қабілетін дамытуға жұмыстар жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Судьямен кездесу өтті

23.04.2022

21.04.2022 жылы “Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің "Құқықтану" мамандығының студенттерімен Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Қалмағамбетовпен және бас маман А.Орынбасармен кездесу өткізді. Кездесу барысында заңнамаға түсіндірме жүргізіліп, судьялар студенттердің туындаған сауалдарына жауап беріп, облыс көлемінде резонанс тудырған, қаралған қылмыстық істер туралы айтып, сот төрағасы студенттерге алғыс білдіріп, білім алу жолында табыс тіледі.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНО КӨРСЕТІЛДІ

22.04.2022

Студенттердің демалыс сәттерін қызықты өткізу мақсатында бүгін Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері үшін жаңадан ашылған ашық спорт алаңында кино көрсетілді. "OPEN AIR CINEMA" форматында ұйымдастырылған көрсетілімге киносыншылар тарапынан қазақша дубляжы аса сәтті деп танылған "АРЫСТАН ПАТША" фильмі таңдап алынды. Ашық аспан астында өткен іс-шараның студенттер тарапынан үлкен қызығушылыққа және қолдауға ие болғанын атап өткіміз келеді. Алдағы уақытта әр аптаның жұма күні кино көрсетілетіндігін хабарлаймыз.

Жаңалық Жаңалық

АҚПАРАТТЫҚ КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕРДІ ҚҰРУДЫ ҮЙРЕТЕМІЗ

21.04.2022

Жаһандық компьютерлік желілерді (WAN), локальдық желілерді (LAN) және кабельдік телевизия желілерін жобалау және монтаждау үшін кабельдік желілерді монтаждау және оларға қызмет көрсету жөнінде арнайы білім талап етіледі.
Ахмет Ясауи Университетінің құрамындағы Ахмет Ясауи Колледжінде студенттерге ақпараттық кабельдік желілерді жүргізу және монтаждау дағдыларын үйретеді.
WorldSkills -2021 ұлттық чемпионатына "Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілігі бойынша Түркістан облысы атынан колледж студенті Әмірбек Шахсияр қатысып, жүлделі орынға ие болды. Арнайы медальонмен марапатталды. Бүгінгі таңда команда мүшелері WorldSkills-2022 облыстық чемпионатына дайындалуда.
Дұрыс таңдау жасаңыз!

Жаңалық Жаңалық

«Интеллект баттл» сабағынан іс шара өтті

20.04.2022

"Филологиялық"пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Ысқақ Әсел және Жумасеитова Инкар "Тіл-татулық тірегі" атты айлық іс-шара аясында "ВДН-0921" және "ЕТБ-0921-1" топтары арасында «Интеллект баттл» атты сабақтан тыс іс-шарасын өткізді. Екі топтың студенттері "Who is faster?", "Capital Cities", "Logic", "Finish the proverb " сайыс кезеңдерінде логикалық ойлау қабілеттерімен,әлем мәдениетінен және тарих пәнінің сұрақтарына жауап беріп, бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша ВДН-0921 тобы жеңіске жетті.

Жаңалық Жаңалық

АҚПАРАТТЫҚ КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕРДІ ҚҰРУДЫ ҮЙРЕТЕМІЗ

21.04.2022

Жаһандық компьютерлік желілерді (WAN), локальдық желілерді (LAN) және кабельдік телевизия желілерін жобалау және монтаждау үшін кабельдік желілерді монтаждау және оларға қызмет көрсету жөнінде арнайы білім талап етіледі.
Ахмет Ясауи Университетінің құрамындағы Ахмет Ясауи Колледжінде студенттерге ақпараттық кабельдік желілерді жүргізу және монтаждау дағдыларын үйретеді.
WorldSkills -2021 ұлттық чемпионатына "Ақпараттық кабельдік желілер" құзыреттілігі бойынша Түркістан облысы атынан колледж студенті Әмірбек Шахсияр қатысып, жүлделі орынға ие болды. Арнайы медальонмен марапатталды. Бүгінгі таңда команда мүшелері WorldSkills-2022 облыстық чемпионатына дайындалуда.
Дұрыс таңдау жасаңыз!

Жаңалық Жаңалық

«Интеллект баттл» сабағынан іс шара өтті

20.04.2022

"Филологиялық"пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Ысқақ Әсел және Жумасеитова Инкар "Тіл-татулық тірегі" атты айлық іс-шара аясында "ВДН-0921" және "ЕТБ-0921-1" топтары арасында «Интеллект баттл» атты сабақтан тыс іс-шарасын өткізді. Екі топтың студенттері "Who is faster?", "Capital Cities", "Logic", "Finish the proverb " сайыс кезеңдерінде логикалық ойлау қабілеттерімен,әлем мәдениетінен және тарих пәнінің сұрақтарына жауап беріп, бақ сынасты. Сайыс қорытындысы бойынша ВДН-0921 тобы жеңіске жетті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

АШЫҚ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

19.04.2022

Ахмет Ясауи Колледжінде жаңа спорт алаңы іске қосылды. Жаңа технологиялар негізіндегі жұмсақ жабын материал төселген алаңда білім алушыларымыз "дене шынықтыру" сабағын, түрлі спорттық жарыстарды, үйірмелердің жаттығуларын өткізе алады.

Жаңалық Жаңалық

Қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу бойынша кездесу өтті

18.04.2022

Қазақ халқында «Тәрбие- тал бесіктен басталады» және «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған. Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатты көздей отыра, “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің “Саналы ұрпақ” жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Түймебекқызы “Адалдықтың бастауы-саналы ұрпақ” тақырыбында студенттермен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлық аясындағы терминдермен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу бойынша мағлұматтар берді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Тілдер айында кезекті іс шара

17.04.2022

"Филологиялық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жумасеитова Инкар "Тіл- татулық тірегі" атты айлық іс-шара аясында ЕТБ-0921-1 тобына «Intelligent energy storage» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушыларға интеллектуалды энергия жүйесіне мәліметтер беріп, «Find the difference» ойынын, «Strew game» әдістерін қолданып, кітап бойынша тақырыпқа қатысты жұмыстар жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Тілдер айында іс шара өтті

16.04.2022

“Филологиялық”пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Мырзабай Мадина “Тіл -татулық тірегі” атты айлық іс-шара аясында “ДТС- 0921-1 ” тобына ағылшын тілі пәнінен “Comparing analyzing and ranking inventions. Design your own invention” атты ашық сабақ өткізді. Білім алушылар "My favourite inventor", "Вright ideas" ойындарымен ағылшын тілінен сөздік қоры мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Мәтіндегі жаңа сөздерді жаттап, тыңдалымда танымал өнертапқыштар жайлы аудио мен видеоларды тамашалап, сұрақтарға жауап беріп, орындалған жұмыстың нәтижесімен таныстыруда сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

15.04.2022

Ахмет Ясауи Колледжінде "Аспаз" мамандығы бойынша білім алушы студенттердің бір тобы бүгінгі таңда RIXOS TURKISTAN қонақүйінде практикалық тағылымдамадан өтуде. Әлемге белгілі брендке саналатын қонақүйдің ресторанында студенттеріміз қызмет көрсету, тамақ пісіру, кондитер өнімдерін дайындау, салаттар жасау дағдыларын кәсіби тұрғыдан меңгеруде. Бірнеше студентіміз практика барысында осы жерде жұмыс істеп, жалақы алу мүмкіндігіне де ие болып отыр. Диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасуға шақырулар да алды. Шәкірттерімізге осындай керемет мүмкіндіктер ұсынып отырған RIXOS TURKISTAN қонақүйінің әкімшілігіне үлкен алғыс айтамыз.

Ғалым есімі ұлықталды

14.04.2022

"Филологиялық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Тіл татулық тірегі" атты айлық іс-шара аясында Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Түркістан әлеміне саяхат" атты сабақтан тыс іс-шара барысында Түркістан қаласы, Қаныш Сәтпаев атындағы №12 жалпы орта мектебіне "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің ЗҚТ-0920-1 тобының оқушылары Қаныш Сатпаев туралы мәліметтермен танысып, бейнебаян түсірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Топтар арасында сабақтан тыс іс-шара өткізілді

13.04.2022

"Филологиялық"пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дуйсенбай Аида "Тіл татулық тірегі" атты айлық іс-шара аясында "ТКА-0921" және "ЗҚТ-0921-2" топтары арасында «Интеллектуальная игра «Брейн-ринг» атты сабақтан тыс іс-шарасын өткізді. Екі топтың студенттері "Вопросы на логические мышление", "Дополни пословицу", "Полиглот", "Профессия моя гордость" ойындарынан орыс тілінен сөздік қорларымен, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерімен бақ сынасты. Нәтижесінде студенттер білімдерін жүйелеп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ

12.04.2022

Ахмет Ясауи Колледжінің "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығының арнайы пән оқытушылары мен студенттері "Ғылым қызметкерлерінің күні" мерекесіне орай педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР құрметті спорт қайраткері Бахытжан Қалжанұлы Мухамеджановпен кездесті. Ахмет Ясауи Университетінің іргетасын қалаушылардың бірі болып табылатын ғалым-ұстаз жастарға спорт саласының білікті маманы болудың қыр-сырын, өзіне тән қиындықтарын түсіндірді. Спорттағы үлкен жетістіктерге ғылыми жаңалықтардың қалай ықпал ететіндігі, спорт саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері туралы сөз қозғады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҒЫЛЫМ БІЛІМГЕ ҚОНАДЫ

11.04.2022

12-сәуір "Ғылым қызметкерлерінің күні" мерекесі қарсаңында оқу ордамызда "Есеп және аудит" мамандығы бойынша білім алушылар экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Ясауи Университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы, танымал ғалым Бораш Смайылұлы Мырзалиевпен кездесті. Бухгалтерлік есеп саласындағы бірнеше базалық кітаптардың авторы болып табылатын ардагер-ұстаз болашақ мамандарға бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі талаптары мен заманауи ерекшеліктерін баяндап берді. Сонымен қатар, өзінің ғылыми-ағартушылық жолындағы басып өткен белестерін, ғылыми жұмыспен айналысудың қыр-сырын түсіндірді. Кездесу соңында Бораш Смайылұлы Ахмет Ясауи Колледжінің кітапханасына "Бухгалтерлік есеп негіздері" бойынша өзі жазған бірнеше кітапты тарту етті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚАТАРЫМЫЗ ТАҒЫ БІР ЧЕМПИОНМЕН ТОЛЫҚТЫ

10.04.2022

Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінде үлкен қуаныш. Соңғы аптада бірнеше шәкіртіміз ел чемпионаттарында топ жарып үздіктер қатарынан көрініп жатқандығын алдыңғы посттарымызда бөліскенбіз. Бүгін Қызылорда қаласынан тағы бір қуанышты хабар жетті. 17-23 жас аралығында өткізіліп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында еркін күрестен 71 кг салмақта (U17) оқу ордамыздың студенті Бекарыс Бақытжан чемпион атанып, алтыннан алқа тақты. Жаттықтырушысы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Тұрлыбеков Білімжан. Бақытжан мен бапкеріне сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

06.04.2022

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу" бөлімі мен "Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бірлесе отырып, мемлекеттік бағдарламалар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша колледж студенттеріне үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу" бөлімі басшысы м.у.а. Дінислам Нартайұлы Бимаханбетов студенттердің болашағы үшін аса қажеттілікке ие мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып өтті. Атап айтсақ,
"Болашақ" халықаралық стипендиясы
"Дипломмен - ауылға!"
"Жастар тәжірибесі"
"Қоғамдық жұмыстар"
"Үкіметаралық гранттар" т.б. бойынша кеңінен ашып түсіндірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Колледжімізде «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты танымдық кеш өтті

05.04.2022

Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына 150 жыл толуына орай «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі кітапханасының оқу залында «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты танымдық кеш өтті. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту, көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ағартушы, әдебиеттанушы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяндық деректері мен шығармашылығы таныстырылып, бейнематериалдар көрсетілді. Іс-шара барысында ЕТБ-0919-1, ЕТБ-0920-1, ЕТБ-0621-1 және ВЕТ-0918 топтарының оқушылары ақын шығармашылығы туралы ой бөлісіп, «Маса», «Қырық мысал» кітаптарынан жыр шумақтарын мәнерлеп оқып, сахналық көрініс көрсетті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"ТІЛДЕР АЙЫ" БАСТАЛДЫ

01.04.2022

"Филологиялық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен "Тіл—татулық тірегі" атты айлық іс-шарасының ашылуы презентациямен таныстырылды. "Сен білесің бе?", "Зерек болсаң, тауып көр" атты плакаттағы суреттер мен сұрақтардың ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде студентер және оқытушылар жауап беріп белсенді қатысты.

Жаңалық

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы бос орындарға ауыстыру

01.04.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтардағы бос орындарға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, төмендегі оқушылар бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылды.

Жаңалық

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы бос орындарға үміткерлер тізімі

31.03.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын ДТС-1121-1, ВЕТ-0920-1 және ЕТБ-0919-1 топтарындағы бос орындарға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан үміткерлер іріктелді. Іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, таңдалған оқушыға бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Наурызым - нұрлы ырысым"

25.03.2022

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында білім алушыларға «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің педагогика және психология пәнінің оқытушысы, топ жетекші Шәмшат Толқын ЭЕМ-0919-1 тобына "Наурызым - нұрлы ырысым" тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті. Іс-шара барысында «Наурызым-нұрлы ырысым» атты баяндама ,«Қара жорға» биі, «Бақытымның бастауы – әз Наурыз» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Балбырауын» күйі, «Қазақтың салт-дәстүрлері» туралы бейнеролик, «Тұсау кесу» дәстүрі, «Дәстүріңді ұлықта» сұрақ-жауаптар, «Қазақтың ұлттық ойыны – қол күрес», «Мереке» әні шырқалып, бата берілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің ыдырауы мен өзгеруі» тақырыбындағы ашық сабақ өтілді

24.03.2022

«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің дүниежүзі тарихы пәнінің оқытушысы Шорабекова Ұлбосын оқушыларға әлемнің биполярлық жүйенің ыдырау себептері мен халықаралық қатынастар жүйесін түсіндіру, заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу мақсатында ЗҚТ-0921-2 тобына «Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің ыдырауы мен өзгеруі» тақырыбындағы ашық сабақ өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

19.03.2022

Ахмет Ясауи Колледжінде "құқықтану" мамандығы бойынша білім алушыларымыз осы аптада облыстық мамандандырылған соттардың қызметімен танысты. Тәжірибелі мамандар студенттерге мамандырылған соттар қызметінің бағыттары мен ерекшеліктерін түсіндірді. Студенттеріміз Түркістан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Күздеубаевтың төрағалығымен өткен сот процесіне қатысып, тәжірибе жинақтады.

Сонымен қатар, білім алушыларымыз қалалық ішкі істер бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Жаңалық Жаңалық

Чингиспаева Кымбат Сазанбайқызы "құқықтану" мамандығының студенттерімен кездесті

18.03.2022

Оқу ордамызға Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Чингиспаева Кымбат Сазанбайқызы арнайы келіп, "құқықтану" мамандығының студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында колледж студенттерімен ашық әңгімелесу, сұрақ жауап, сот саласына қызығушылық танытқан студенттерге ақыл кеңестер берілді.

Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсіндірме және экономикалық сот қандай істерді қарайды, қандай дауларды шешеді, студенттердің мамандықтарына деген қызығушылықтарын оята білді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі" тақырыбында ашық сабақ өтілді

17.03.2022

«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің география пәнінің оқытушысы Ибрагимова Нұргүл дүниежүзінің геосаяси кеңістіктерінің алуан түрлілігі, әлемнің геосаяси үдерістері мен бейнесін таныстыру мақсатында КДН-0921 тобына "Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында "Географиялық диктант", "Ой түйіндеу", "Құпия ұяшық", "Мозаика" ойындары мен "Сен білесің бе?" дүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша тірек сызбалармен интерактивті тақтада жұмыстар жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Алаш қоғамдық ой ұлттық идея" тақырыбында ашық сабақ өтілді

16.03.2022

«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» тақырыбында айлық іс-шарасы аясында қазақстан тарихы пәнінің магистр оқытушысы Жорабекова Нүрила "Алаш қоғамдық ой ұлттық идея" тақырыбында "Құқықтану" мамандығының студенттеріне ашық сабақ өтті.

Қатысушылар назарына "Алаш" ұлттық идеясының тарихи негіздері, қоғамдық ой және ұлттық идеясының дамуына қайраткерлердің қосқан үлесі мен ұстанымдары туралы мағлұматтар берілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Түркістан ҚПБ-ң ЖПҚ Ювеналды полиция аға лейтенанты А.Бертай мен полиция лейтенанты С.Оразбаевтың қатысуымен Акт залында колледж студенттерімен кездесу өткізілді

15.03.2022

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубта отыруға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғандығы туралы, жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез-құлықтың себептері және болдырмау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын-алу" тақырыбында Түркістан ҚПБ-ң ЖПҚ Ювеналды полиция аға лейтенанты А.Бертай мен полиция лейтенанты С.Оразбаевтың қатысуымен Акт залында колледж студенттерімен кездесу өткізілді.

Қазақ халқында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Өмір - танымның көзі" тақырыбында ВДН-0921 тобына ашық сабақ өтілді

12.03.2022

"Гуманитарлық" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Арысбек Көркем білім алушылардың «өмір», «өмір сүру құндылығы», «өмірдің мәнін түсіну», «адам атына лайықты өмір сүру», «өмірге деген құштарлық» түсініктерін кеңейте отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында "Өмір - танымның көзі" тақырыбында ВДН-0921 тобына ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушыларға таным белестері, "Өмір – шексіз керуен", өмір құндылықтары, Абай Құнанбаевтың он жетінші қара сөзі, өмір сүруге жетелейтін 16 қанатты сөз бен ұлағатты және дәйексөздермен жұмыстар жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Бренд-менеджмент, тауарлар мен қызметтерді танымал ету шарты» тақырыбында ашық сабақ өтті

10.03.2022

«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» тақырыбындағы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген айлық іс-шара аясында география пәнінің оқытушысы Умбтеева Айгерім ЗҚТ-0921-2 тобына «Бренд-менеджмент, тауарлар мен қызметтерді танымал ету шарты» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттерге әлемге танымал ірі бренд түрлерін, брендті басқару, брендинг терминін және Қазақстан өнімдерінің танымалдығын түсіндіре отырып, ойын тапсырмаларын орындау арқылы жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы тұлға» тақырыбында интеллектуалдық сайыс сабағы өтті

09.03.2022

«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Ұлтын ұлы биіктерге көтерген тұлға» тақырыбындағы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай орай өткізілген айлық іс-шара аясында гееография пәнінің оқытушысы Н.Ибрагимова ЭЕМ-0919 (1,2,3) топтарына «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлы тұлға» тақырыбында интеллектуалдық сайыс сабағын өтті. Сайыс барысында Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағұлмат берілді. Ақынның өмірін жастарға үлгі ете отырып, білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Аналарды ардақтау - асыл дәстүр»

07.03.2022

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналарды ардақтау - асыл дәстүр» тақырыбындағы сабақтан тыс іс-шарада Түркістан қаласына еңбегі сіңген, көне көз қария Ералиева Шарбан әженің 100 жасқа толуына байланысты оқытушы Н.Жорабекова колледж студенттерін ғасыр құрдасының үйіне барып, мерекемен құттықтап, еңбек адамының үлгісіне айналған, әулетінің қазыналы қартына құрмет көрсетіп қайтты. Шарбан әженің жұбайы Артықбаймен 40 жыл отандасып 3 ұл, 1 қызды дүниеге әкеліп, өсіріп жеткізген. Олардан бүгінде 16 немере, 60 шөбере, 11 шөпшек тараған. Ардақты ана қаламыздағы мақта зауыт аумағында тұрады. Тылдағы тіршілікті бастан кешірген Шарбан Ералиева «Чапаев» совхозында Майшай Әбеновамен бірге трактор айдап, қатар еңбек еткен. Өздері мұқтаж болса да, тылда тынбай белді бекем буып, талай ауыр жұмыстар атқарған осындай жігерлі анамыздың мақта зауытындағы атқарған адал еңбегін бағалап, 1979 жылы зейнетке шыққанда зауыт басшылығы «Ваз» автокөлігін сыйға тартқаны туралы өз өмірінен мәліметтерді берді. Жастарымыз әженің қазіргі бейбіт өмірге шүкіршілік айтқанының куәсі болды. Қарттарға қай мезетте қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

АРУЛАР АРДАҚТАЛДЫ

06.03.2022

8-наурыз мерекесі қарсаңында Ахмет Ясауи Колледжінің нәзікжандыларына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оқу ордамыздың дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан ару ұстаздарымыз бен қызметкерлерімізге, сондай-ақ үздік студент қыздарымызға облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының, Түркістан қаласы әкімінің және колледж директорының арнайы құттықтаулары мен алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты шараға зейнетке шыққан колледжіміздің ардагерлері де арнайы шақырылып, ұжым атынан ол кісілерге сый-құрмет жасалды. Жиын соңы аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған колледж өнерпаздарының концертіне ұласты.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"ҮЗДІК ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ" номинациясы бойынша "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі дипломмен марапатталды

03.03.2022

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Түркістан қаласында "Азаматтық қорғаныс" саласы бойынша колледждер арасында өткізілген іс-шаралардың қорытындысымен "ҮЗДІК ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ" номинациясы бойынша "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі департамент бастығы полковник Н.Жусуновтан дипломмен марапатталды.

Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

02.03.2022

Қазақстан Республикасының Чемпионатында "Белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасынан 23 жасқа дейінгі" 48 салмақ дәрежесінде жоғары спорттық шеберлік пен табандылық танытқан оқу ордамыздың "Құқықтану" мамандығы, ЗҚТ-0919-1 тобының студенті Ибрагимова Шолпан I орын алғаны үшін марапатталды. Көптеген жеңістер мен үлкен болашақ тілейміз

Жаңалық

1 наурыз - Алғыс айту күні құтты болсын!

01.03.2022

Құрметті әріптестер!
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен қатар келген адамдар арасын ізгілікпен жалғаушы алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалық Жаңалық

"Омыртқалы жануарларға жалпы сипаттама" тақырыбында ашық сабақ өтті

28.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шарасы аясында У.Байырбекова ВЕТ-0920-1 тобына "Омыртқалы жануарларға жалпы сипаттама" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында алғашқы омыртқалы жануарлардан бастап қазіргі кездегі омыртқалы жануарлардың құрылысымен, олардың систематикасы және табиғаттағы маңызы үйретілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


У. Байырбекованың жетекшілігімен ВЕТ-1119 тобына «Өнегелі отбасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті

26.02.2022

“Агроөндірістік” пәндік (циклдік) пәндік бірлестігінің “Ғасырдың дара перзенті” тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шарасы аясында У. Байырбекованың жетекшілігімен ВЕТ-1119 тобына «Өнегелі отбасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында отбасының тәрбиелік қызметі ана мен әке болуда, балалармен қарым қатынастан тұратынын және тәрбие отбасынан басталатынын айтып өтті. Отбасының құндылықтары туралы топ студенттері өз ойларын ортаға салды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


СҮЙІНШІ! ЖЕҢІС!

25.02.2022

Оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы спартакиада аяқталды.
Университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасындағы факультетаралық спартакиада өз мәресіне жетіп, ректор өкілі Женгиз Томардың қатысуымен жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті.
Оқу орнымыздың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиадада қатысушылар кіші футбол, баскетбол, волейбол, қол күрес, үстел теннисі, арқан тартыс сынды спорт түрлерінен бақ сынады.
Марапаттау шарасында Женгиз Томар спартакиадаға қатысқан барлық командаларға ризашылығын білдіріп, жарыстың өз дәрежесінде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Одан әрі ректор өкілі үздік ойыншыларды марапаттап, жеңімпаз командаларға жүлделерін үлестірді.
Спартакида нәтижесінде, Ахмет Ясауи Университетінің 30 жылдығына арналған оқытушы-қызметкерлер арасындағы факультетаралық дәстүрлі спартакиаданың командалық есебі бойынша І орынды "Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі" командасы, ІІ орынды Кентау кампусы, ІІІ орынды Медицина факультеті иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


Ветеринариялық қызмет МКК эпизоотолог маман Ш.Ирисбаев індетті аурулармен жұмыс жасау әдістерін көрсетіп, түсіндірді

24.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шара аясында "Ветеринария" мамандығының арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен "Мамандығым - болашағым" тақырыбында семинар өтті. Семинарға Кентау қалалық Ветеринариялық қызмет МКК эпизоотолог маман Ш.Ирисбаев індетті аурулармен жұмыс жасау әдістері мен емдеу кезінде қателік жібермеу, ұқсас ауруларды бір-бірінен ажырата білу жолдарын сурет арқылы түсіндірді. АШБ Ветеринариялық қызмет МКК аптекарь маманы колледжіміздің түлегі Керімбек Нұржан білім алушыларға "Ветеринария" мамандығына қажетті құрал-жабдықтардың білім алу үшін жеткілікті екендігін мақтан етіп және өзінің мал дәріханасында жұмыс істеу барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруды осы колледжден үйреніп, қазіргі таңда жұмыс барысында қолданып жатқандығын айтып, ұстаздарына алғыс білдірді. Студенттер мамандардан сұрақ-жауап арқылы өздеріне қажетті жауап алды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


Биология пәнінің оқытушысы Н.Сайдалиева ТКА-0921 тобына "Антропогенез кезеңдері" тақырыбында ашық сабақ өтті

23.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шара аясында биология пәнінің оқытушысы Н.Сайдалиева ТКА-0921 тобына "Антропогенез кезеңдері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға ежелгі, ертедегі және қазіргі адамдардың ерекшеліктерін, олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын, өмір сүру мәдениетімен таныстырып, оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете отырып, "Сутеттер сөйлейді", "Құпия сан" ойындары арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданды.

Жаңалық


ШЕБЕРЛІК САҒАТТАРЫ

22.02.2022

Ахмет Ясауи Университеті мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастырған Бариста курсына колледжіміздің 4 білім алушысы қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. Түркиялық білікті маман Бурхан Кылыч өткізген бұл шеберлік сағаттарында Ахмет Ясауи Колледжінде " Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқитын студенттеріміз теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға жақсы мүмкіндік алды.
Осы жобаны ұйымдастыруға дәнекер болған Zhanar Temirbekova, Cengiz Tomar және Түркістан Жастар Ресурстық Орталығына көп алғыс айтамыз.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


1 курс студенттері арасында «Биологиялық мейрамхана» атты сайыс сабақ өтті

19.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шарасы аясында биология пәнінің оқытушылары колледжіміздің 1 курс студенттері арасында оқушыларды биология ғылымының қызықты мәліметтерімен таныстыру, білімді, білікті болуға, алғырлыққа, достарымен топтасып жұмыс жасау, пәнге деген қызығушылықты ояту, білімді тиянақтау мақсатында «Биологиялық мейрамхана» атты сайыс сабақ өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті

17.02.2022

2022 жылдың 18.02 күні "Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шара аясында "Ветеринария және зоотехния" құзіреттілігі негізінде "Ветеринария" мамандығының арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен "Үздік ветеринар" байқауы өтті. Байқау барысында 5 модуль қарастырылды. Өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптау, хирургиялық тігістерді салу, ауыл шаруашылық малдарын клиникалық зерттеу, гельминттік овоскопия, мал буаздығын анықтау бойынша зерттеу жүргізілді. Байқауға ВЕТ-0918 тобының студенті Амантай Даяна, ВЕТ-0919-1 тобының студенттері Сүндет Айтолқын, Есжан Асылжан, ВЕТ-1120 тобының студенті Исан Алдияр қатысты. Нәтижесінде Амантай Даяна І орын, Есжан Асылжан ІІ орын, Исан Алдияр ІІІ орынға ие болды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


“Дәрілік заттардың организмге ену жолдары” тақырыбында ашық сабақ өтілді

16.02.2022

“Агроөндірістік” пәндік (циклдік) пәндік бірлестігінің “Ғасырдың дара перзенті” тақырыбындағы Д.А.Қонаев 110 жылдығына орай өткізілген іс-шарасы аясында арнайы пән оқытушысы Курганбаева Айнұр ВЕТ-0919-1 тобына “Дәрілік заттардың организмге ену жолдары” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында дәрілік заттардың қолданылуы, рецепт жазу және дәрілік заттарды енгізу жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


Әбдіхалықов Сырым мен жетекші маман Джакипова Мақпал колледж студенттеріне egov.kz сайтының жаңа мүмкіндіктерін көрсетті

15.02.2022

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы "Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу" бөлімінің ұйымдастыруымен "Әлеуметтік үкіметті" дамыту және жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жетекші маманы Әбдіхалықов Сырым Серімұлы мен жетекші маман Джакипова Мақпал Хайруллақызы egov.kz сайтының жаңа мүмкіндіктерін көрсету, қолдану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде колледж жастарымен кездесті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті

14.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д. А. Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген іс-шарасы аясында химия және биология пәнінің оқытушысы Катекова Құралай ДТС-1121 тобына анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері пәнінен "Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі және тіршіліктегі маңызы түсіндірілді. Тыныс алу мүшелерінде кездесетін жұқпалы аурулардың өтуі мен күресу шараларына бейнеролик көрсетіліп, студенттер тәжірибелік жұмыстар жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"Ауыл шаруашылық өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау" тақырыбында көрме өткізілді

12.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбындағы Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай өткізілген айлық іс-шарасы аясында "Ветеринария" мамандығының арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен "Ауыл шаруашылық өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау" тақырыбында ақпан айының 11- жұлдызында көрме өткізді. Көрме барысында студенттер мал өнімдерінің сапасын анықтау әдістері және өнімдерді сараптаудан өткізуді люминоскоп филин, трихинеллоскоп, овоскоп, лактан, микроскоп құралдарының көмегімен зертханалық тексеруден өткізудің тәсілдерін көрсетті.

Жаңалық


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕРБЕСТІК БЕРІЛДІ

11.02.2022

✅ Енді оқу орындары білім беру бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлай алады.
♻️ Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындаған кезде колледждер типтік жоспарларға қарай жұмыс істейтін еді және олардың мазмұнын тек 50%-ға дейін өзгерте алатын. Енді олар жаңа тенденциялар мен нарық талаптарына сай жұмыс жүргізе алады.
📚Академиялық дербестік білім беру бағдарламаларының сапасына әсер етпейді, өйткені бұл үшін бірыңғай ақпараттық орта – білім беру бағдарламаларының тізілімі жинақталып жатыр. Колледж таңдаған әрбір жаңа бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінде және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2 кезеңнен тұратын сараптамадан өтеді.

Жаңалық


КОЛЛЕДЖДЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ: ЕНДІ 107 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕГІН ОҚИ АЛАДЫ

09.02.2022

2022 жылы колледждерде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 10 000 орынға артады.
107 мың қазақстандық студент колледждерде мамандықтарды тегін меңгере алады.
💡Естеріңізге салайық, 9-сынып бітірушілердің барлығы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен тегін оқи алады.
💬«Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ...
ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қарастырылған еді. Ауыл жастары да квота бойынша мемлекеттік тапсырысты алады», – деді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Сонымен қатар білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырыстарды «Ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа механизмін әзірледі. Яғни бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім бөлімдері орналастырған болса, енді колледждер арасындағы мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінетін болды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің студенттері сәулетті ғимараттарға танымдық экскурсия жасады.

03.02.2022

Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар Ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың тарихи жерлері мен мәдени орындарын, ескерткіштерін және де жаңадан салынған көрікті ғимараттарын жастарға дәріптеу мақсатында Ахмет Ясауи университетіне қарасты "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің студенттері мен @yassy_jastary қаламызда бой көтерген сәулетті ғимараттар "Visit" орталығы, "Ұлы дала елі" музейі, "Farab" кітапханасы, Облыстық Жастар Ресурстық Орталығы, Жаңа Стадионға танымдық экскурсия жасады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"МЕН ӨЗІМЕ СЕНЕМІН!" ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

02.02.2022

2022 жылы 01.02 күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы және білім беруді дамыту орталықтың психолог-әдіскерлері мен мамандарының ұйымдастыруымен жастар арасында орын алған жағдайларға дер кезінде реакция жасау және жастардың өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеудің алдын-алу бойынша шаралар қабылдау мақсатында колледж педагог-психологтары үшін облыстық семинар тренингі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-не қарасты "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде өтілді.
Семинарға ТжКББ бөлімінің бас маманы - Нәлжігітова Рысалды Оңғарқызы және облысқа қарасты колледж педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары және әдіскерлері де қатысты. ...
Семинардың барысы мен өткізілу бағдарламасы туралы ақпаратты білім беруді дамыту орталықтың психолог-әдіскерлері - Омарова Балзада Маукенбаева мен Тлеубердиева Ғазиза Сабидуллаевна және "Жасөспірімдерді әлеуметтендіру" бөлімінің бас маманы Умирбекова Мира Абдикадировна таныстырып, жүргізді.
Семинар барысында «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы, №258 және №77 қаулылар мен заңдар жинағы, білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған БЕС ТЕРЕК жобасы аясында да түсіндірме жұмыстары қамтылды.
Сондай-ақ, жасөспірімдердің өзін-өзі дамытып, бағалай білу, өмірді сүю, осы кезеңде кедергілерден өтуді түсіндіру мақсатында әріптестер арасында бірнеше жаттығулар өткізілді. Айта кетсек, ата-ана мен баланың отбасындағы қарым-қатынасы, балаларға көңіл бөлу, жасөспірімнің тығырықтан шығу жолдары, өмірде өзіне сенімді болуға, өмір құндылықтары, ресурс мәселесі және өмірге деген көзқарастары туралы қатысушылардың арасында тәжірибелік жұмыстары жүргізіліп, ой-қорытындылары айтылды.
Семинар соңында бірқатар колледждердің психологтары сөз алып, ой-пікірлері мен ұсыныстарын жеткізіп, әріптестерінің еңбектеріне оң бағаларын беріп, алғыс білдірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"Ғасырдың дара перзенті" тақырыбында айлық іс-шарасы басталды

01.02.2022

"Агроөндірістік" пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай "Ғасырдың дара перзенті" тақырыбында айлық іс-шарасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында кемеңгер тұлғаның егемен ел болуда сіңірген еңбектері, қажырлы жүргізген саясаты үлгі етілді. Қатысушылар назарына 01-28.02 күндер аралығында өтілетін іс-шаралар жоспары таныстырылды.

Жаңалық


Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы   бос  орындарға  ауыстыру

31.01.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтардағы  бос  орындарға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі   ақылы топтағы  оқушылар арасынан іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып,  төмендегі оқушылар бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылды.

Жаңалық


Хабарландыру!

29.01.2022

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын ВЕТ-0919-1 және ДТС-1121-1 топтарындағы бос орындарға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан үміткерлер іріктелді. Іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, таңдалған оқушыға бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылады.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


БҮГІНГІ ЖАС МАМАН - ЕРТЕҢГІ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

28.01.2022

Жас мамандарға жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындарды оқу үдерісіне шығармашылықпен қолдану мақсатында колледж әдіскері Әсия Керімқұл "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер" тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында әрбір оқытушы өз пәнінің кәсіби білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту, студенттің білім деңгейін нақты анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру, сондай-ақ әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту міндеттері айтылды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


Колледжіміздің қызметкерлері мен оқытушылары арасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

27.01.2022

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің қызметкерлері мен оқытушылары арасында «ҚР Әдеп кодексі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінде көзделген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген 15-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзгеде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершіліктің қаншалықты қатал әрі жазаның жеңіл еместігі түсіндірілді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес барысындағы қолға алынып жатқан жобалар мен Қылмыстық-құқықтық статистикамен таныстырылды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық


"ERKIN PIKIR" диалогтық алаңы

26.01.2022

🔸Түркістан облысы "Jas Otan" жастар қанаты белсенділері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті мәжілісінің отырысындағы халқына үндеуін жастар арасында талқылады.
🔸Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар мәселелерді алға қойған болатын соған байланысты жастар еркін пікір алаңында өз ойларымен бөлісті. Мемлекеттік жастарға арналған бағдарламалар, болашақта жастардың білімі мен біліктілігін дамытуға көмек беретін ақпараттармен өзара бөлісті.
🔹"ERKIN PIKIR" диалогтық алаңында ой бөліскен жастар ел болашағының жарқын болатынына сенімді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтардағы халыққа үндеуіне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

25.01.2022

Ахмет Ясауи Университетіне қарасты «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтардағы Қазақстан халқына үндеуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ЗҚТ-0921-1 тобының студенті Қожахмет Гүлназ жаңа құрылған Үкімет құрамымен, президенттің үкіметке берген нақты тапсырмалары және де алға қойылған негізгі мақсаттар бойынша баяндама жасады. Студенттер арасында өзара пікір алмасу болды. Болашақ жастардың алға қойған мақсаттары мен болашаққа деген сенімдері нық әрі берік екендігі байқалды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


Чокан Надирбаев "Дене тәрбиесі сабағында "Волейбол" ойынындағы ойыншылар қозғалысының тәсілдерін меңгерту" тақырыбында дәріс сабақ өтті

24.01.2022

"Жас мамандарға тәлімгерлік көмек-білім сапасын арттырудың кепілі" атты әдістемелік жұмыс жоспарының семинар кестесіне сәйкес, колледж әдіскері Әсия Керімқұлдың ұйымдастыруымен колледж кітапханасында "Гуманитарлық пәндер" бөлімшесі, Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Чокан Надирбаев "Дене тәрбиесі сабағында "Волейбол" ойынындағы ойыншылар қозғалысының тәсілдерін меңгерту" тақырыбында тәжірибелік көмек көрсету, әдістеме жүргізу, сабақтың материалымен, оқу процесінің барысы мен тәртібіне, топтағы білім алушыларды бақылау, жас маманға жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді және оның сапасын арттыру мақсатында оқытушыларға дәріс сабақ өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық


Түркістан қалалық мәслихат депутаты Жұман Жансерік Бауыржанұлымен кездесу өтті

20.01.2022

📌Бүгін Coworking орталығында "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі жастарының қатысуымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің ұйымдастыруымен «JASTARGA BAGYT» жобасы аясында, Түркістан облысы «Jas Otan» ЖҚ филиалының төрағасы, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Жұман Жансерік Бауыржанұлымен еркін форматта кездесу өткізілді.
📌Кездесу барысында жастарға жасаланып жатқан мүмкіншіліктер мен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар бойынша және арнайы бағдарламаларға тоқталып өтті.
✅Кездесу соңында белсенді жастардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

Жаңалық


ХАБАРЛАНДЫРУ

13.01.2022

Құрметті колледж студенттері, ата-аналар! 1-курс студенттері үшін I-семестрдің соңғы оқу аптасының дәрістері 24-29 қаңтар аралығында сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі. Ал 2-3-4 курстарға қысқы сессия барысында тапсырылмаған пәндерден сынақ-емтихандар және оларды қайта тапсыру 24-29 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. II-семестрдің дәрістері бекітілген оқу үрдісіне сәйкес 31-қаңтардан басталады.

Жаңалық Жаңалық

Төлепберген Ақылай Шаяхметқызын жүлделі II орынымен құттықтаймыз!

04.01.2022

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым және денсаулық» атты Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына ЗҚТ-0920-1 тобының студенті Төлепберген Ақылай Шаяхметқызы «Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі» атты ғылыми жобасымен қатысып, жүлделі II орынды иеленді. «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Шәмшат Толқын Октябрьқызы ғылыми жобаға жетекшілік жасағаны үшін Нұр-сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды колледж ұжымы атынан жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

МУЗАСЫ - АДАМДАР ТАҒДЫРЫ

28.12.2021

Оқу ордамызға Санжар Ғұлама келді. Тәйірі онда тұрған не бар дейтін шығар біреулер, күнде көріп жүрген Санжар ғой деп. Мұхтар Шаханов келгендей сүйіншілегені несі дер екінші біреулер, Мұхаңдай биіктерді әлі бағындырмады деп. Мінекей осы "әлі" дегенде үлкен гәп бар. Санжар поэзия әлеміне нық қадамын енді басып, оқырманын күннен-күнге көбейтіп келе жатқан жас дарын. Әлеуметтік желілердегі оқырмандарының күн санап көбеюі соның айғағы. "Менің музам - өз тағдырым, одан қалса айналамдағы таныстарымның өміріндегі орын алып жатқан оқиғалар" деп ағынан жарылған ақын өлеңдерінің көпшіліктің жүрегінен орын алуының да басты себебі осы. Өз өмірінің қилы сәттерін шебер суреттеуі, өзгелердің жеке өміріндегі толғаныстарына бейжай қарамай өзінікіндей қабылдап, оқырманына әсерлі жеткізуі Санжар Ғұламаны жаңа биікке шығарып отыр. Мұны кешегі кездесуде залдағы жастардың эмоциясынан байқап отырдық.
Санжардың өлеңдерінен студенттеріміз поэзиямен танысты, рухани азық алды, адам көңілінің сұлулығына қанықты. Қандай да жағдай болмасын қиындықтармен күресіп, алға ұмтылуға мотивация алды. Жастарды тәрбиелеу жұмысында мұндай кездесулердің берері көп.
Кездесуімізге қатысқан қарымды журналист Ақмарал Ғаниқызына алғысымыз шексіз!
Санжар ақынға толағай табыстар тілейміз!

2022 ж2021 ж2020 ж2019 ж