Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Ветеринария

Ветеринария

  • Мамандық атауы:
  • 08410100- «Ветеринария»
  • Біліктілігі:
  • 3W08410102 - Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы
  • Оқу мерзімі:
  • 9 сыныптан соң 1 жыл 10 ай
    11 сыныптан соң 10 ай

Мамандық сипаттамасы

Ауыл шаруашылық малдары мен құстарын қолдан ұрықтандырумен айналысады

Кәсіби іс - әрекеттің объектілері:

Эмбрионды тасымалдау, мал басын көбейту және асылдандыру жұмыстарының тиімділігін зерттеу, мал шаруашылығындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыру, эмбрионның жынысын анықтау, гендерді тасымалдап беру, жекелеген асыл тұқымды мал басын сақтау, оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу.
«Бөрте-Милка», «ВЕТ-Омир», «Түркістан қаласы ветеринарлық қызметі», «Кентау қаласы ветеринарлық қызметі» мекемелерімен тәжірибе алмаса аламыз.

  • Түлек білуі керек:
  • Қолдан ұрықтандыру барысында жануарлар селекциясы жұмысының негізгі әдістерін, мал бедеулігінің алдын алу, асыл тұқымды малдың тұқымын жақсарту;
  • Ауылшаруашылық ұрғашы малының, құстардың физологиясын және эндокринологиясын, шаруашылықтарда мал тұқымын және өнімділігін жақсартуды меңгеру.