Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.
Ішкі нормативтік құжаттар
Оқу бөлімі әдіскерінің қызметтік нұсқауы
1.1.Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж филиалы оқу бөлімінің әдіскері (бұдан былай-әдіскер) мамандар санатына жатады. Бiлiм беру ұйымының оқу-әдiстемелiк жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжiрибелердi анықтау, жалпылау және енгiзу бойынша бiлiм беру ұйымының әдiстемелiк және пәндік (циклдiк) комиссиясы, бөлімше меңгерушілерінің жұмысын үйлестiредi. Оқу-әдiстемелiк құжаттамаларды дайындау жөнiндегi жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады. Бiлiм беру ұйымының әдiстемелiк, пәндiк (циклдiк) комиссиясының, бөлімше меңгерушілерінің жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжiрибелердi анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерiн, үздiк жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжiрибелерiн практикаға енгiзуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, әдістемелік нұсқаулықтар әзiрлеуге жәрдемдеседi.Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау курстарынан өткiзу және аттестаттаудан өткізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi. Ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттарын өткiзудi және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдiстемелiк кабинеттi жабдықтармен, көрнекi құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етедi. Белгiленген есептi құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етедi. 1.2.Әдіскер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау тәртібінің әдістемелік нұсқауын, университет, колледж регламенттерін, колледж директорының бұйрықтары мен өкімдерін, директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасарының өкімдерін негізге ала отырып қызмет атқарады. 1.3.Әдіскер қызметіне оқу жұмысы бойынша директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасарының келісімі бойынша директордың бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады. 1.4.Әдіскер белгілі себептермен қызмет орнында болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін белгіленген тәртіппен тағайындалған қызметкер толық жауапкершілігін ала отырып, жұмыстың сапалы, тиімді және уакытылы орындалуын қамтамасыз етеді. 1.5.Әдіскер оқу жұмысы бойынша директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
Жатақханаға орналасу ережелері
«Түркістан Ахмет Ясауи» колледжінің жатақханаға орналасқан студенттерінің ішкі тәртіп ережелері