Басшылық

Кенжалиев Алтынбек Тұрлыбиұлы
"Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің директоры
- 1974 жылы 16 желтоқсанда Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылында туылған
- 1991 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, 1995 жылы «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген
- 1995-1996 жылдары Алматы қаласындағы Ұлттық Ғылым Академиясының Экономика ғылыми-зерттеу институтында магистратурада оқыды
- 1996 жылдан бастап ХҚТУ-нің экономика факультетінде оқытушы, 1999-2004 жылдары декан орынбасары болып қызмет атқарған
- 2008 жылдан бүгінге дейін «ХҚТУ-нің жергілікті кәсіподақ комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
- 2010 жылдан ХҚТУ-ге қарасты «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің директоры қызметтерін атқарып келеді
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Білім саласының құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгілермен, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет» грамотасымен және Түркістан қалалық әкімшілігінің «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған
- Экономика ғылымдарының кандидаты
- 2016 жылдан Түркістан қалалық мәслихатының депутаты