Дүйсенбi | 14 қаңтар, 2019 ж.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл



Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

1424 Call center туралы жадынама

27.03.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефоны 1424 Call center туралы жадынамасын колледж студенттеріне Парасаттылық мектебінің меңгерушісі - Айбар Мырзагелді және Ізгілік елшілерінің мүшелері - Абдукаримова Назима мен Сүндет Айтолқын дәстүрлі оқыту форматында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Мырзагельдин Айбар "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында студенттерге сабақтан тыс іс шара өткізді.

02.04.2021

Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың. Білімдіні бала болса да, аға деп біл. Адамның көркі киімі емес, білімі. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйрету мақсатында, колледжіміздің Саналы ұрпақ жобалық кеңсесінің меңгерушісі-Мырзагельдин Айбар "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында студенттерге сабақтан тыс іс шара өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Аюпов Рашид Абатұлымен "Ашық микрофон" алаңы

09.04.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған "Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшу тапсырмасын жүзеге асыру және халықпен кері байланысты нығайту мақсатында Түркістан қаласының әкімі - Аюпов Рашид Абатұлымен "Ашық микрофон" алаңы Turkistan Visit орталығында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қала әкімі - Рашид Абатұлына бірнеше сауалдар қойылып, қаладағы қолға алынған жаңа бастамалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды. Ашық микрофон кездесуіне қоғам өкілдері, БАҚ өкілдері және өңіріміздің белсенді жастары мен білім ордамыздың студенттері де қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындалған видеоролик

07.04.2021

Адамдар өздерінің ашкөздігімен ерекшеленеді, өйткені олар экономикалық жағдайлары жақсы болғанымен, әрдайым көп нәрсені алғысы келеді, мысалы «билікке деген сараңдық» немесе «ақшаға деген сараңдық», сондай-ақ «саяхатқа деген сараңдық» сияқты өмірлік тәжірибе , басқалардың арасында. Алайда, адамдар өздерінде бар нәрсеге қанағаттанбайтынын, сондықтан әрқашан көбірек нәрсені қалайтындығын, яғни жеке адамның осы жағдайына сілтеме жасайтын басқа белгілермен бірге ашкөз, өршіл, ашкөз болатындығы, осыған орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжіміздің ізгілік елшілерінің дайындаған бейнеролигін ұсынамыз !

"Жемқорлыққа жол беру, ұрпақтың болашағына балта шабу" тақырыбындағы бейнеролигін ұсынамыз!

13.03.2021

Білімсіз адамның рухани дүниесі де қараңғы болады, яғни ақшаға бәрін сатып алуға болады деген ойда жүреді, бірақ мына 6 нәрсені (денсаулық, бақыт, уақыт, достық, білім) сатып алуға болмайтындығын көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжіміздің ізгілік елшілері мүшелерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол беру, ұрпақтың болашағына балта шабу" тақырыбындағы бейнеролигін ұсынамыз!

"Жақсылық жасап жарысайық" тақырыбында бейнеролигін ұсынамыз

04.03.2021

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді: “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауһар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас” деген себебі, адамға қойылатын басты талап — асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты екені көпке белгілі.Осы мақсатта колледж ізгілік елшілері жақсылық жасауға шақырып, "Жақсылық жасап жарысайық" тақырыбында бейнеролигін ұсынады.

Жаңалық Жаңалық

Гүлдана Қалдыкөзова "Білім және Заң" тақырыбында колледж студенттеріне адалдық сағатын өткізді

11.03.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл міндеттерін, негізгі қағидаттарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы адамгершілікті-құқықтық мәдениеті өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілікті құндылықтарының бірі, құқықтық сауаттылығы мен өзін өзі түсіну және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында "Құқықтану" мамандығының оқытушысы - Гүлдана Қалдыкөзова "Білім және Заң" тақырыбында колледж студенттеріне адалдық сағатын өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Дүкенбай Бақытжанмен дөңгелек үстел

16.03.2021

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін кеңінен құрметтеу мен қастерлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған қалалық ақпараттық-насихаттық топтың жұмыс кестесіне сәйкес, 15.03.2021 ж. күні, сағат: 10:00-де Түрік мәдени орталығының төраға орынбасары - Алиев Хасан және "Жастар Ресурстық орталығы" КММ-сі басшысы, топ жетекшісі - Дүкенбай Бақытжанның қатысуымен колледж студенттері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ЖОО мен колледж студенттеріне арналған" анонимді сауалнама

17.03.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және “Түркістан Адалдық алаңы” ұйымдастыруымен өткізілген "ЖОО мен колледж студенттеріне арналған" анонимді сауалнамаға "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі студенттері арасынан дәстүрлі оқыту жүйесі (офлайн) және қашықтықтан оқыту платформасы арқылы 514 студент қатысып, жауап берді.

Жаңалық

ЖАҢАЛЫҚ!

18.02.2021

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің 16.02.2021 жылғы №17/1-5-598 хатына сәйкес жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі, Жастар ұйымының төрағасы А.Мырзагельдин «AntiParaCraft» студенттік квест ойынының басталуын, квест ойынының өткізілуі мен квестке қатысу шарттарын хабарлап, қатысатын команда мүшелерін ойын ережесімен таныстырды.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Сыбайлас жемқорлық салдары

23.02.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледж студенттері арасында "Сыбайлас жемқорлық салдары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері, адалдық туралы ұғым, парасатты азамат болу мәселелері жөнінде сұрақтар қойылып, ой-пікірлер талқыланды. Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты - студенттерге адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, патриоттық тәрбие қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы мен әр жеке тұлғаның азаматтық ұстанымы.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Cеминар Тренинг

05.03.2021

ӘДІЛДІК, ПАРАСАТТЫЛЫҚ, СЕНІМ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ерікті жастарды әділдікке, парасаттылыққа, сенім құндылықтарына негізделген семинар-тренингі Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығында өткізілді. Тренинг барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облыстық филиалының аға оқытушысы Нұрбай Досанов «Парасаттылық мәдениеті» тақырыбында жастарға дәріс оқыды. Сонымен қатар, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері - Қарсыбай Гүлзия кездесудің негізгі мақсаты – «Antikor Volontеers» еріктілер тобын құру екендігін айтып өтті. Кездесу соңында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің және Академия филиалының тарапынан ерікті жастарға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" бейнеролигі

19.02.2021

Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын соза білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі. Колледжіміздің ізгілік елшілері жақсылыққа, мейірімділікке шақыру жолында "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген атты бейнеролигін ұсынады.

"Әмиян жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігі қай елде басым" атты бейнеролик челленджі

17.02.2021

Саналы ұрпақ жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, колледжіміздің ізгілік елшілері "Әмиян жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігі қай елде басым" атты бейнеролик челленджін Түркістан Жоғары Медицина колледжіне жолдайды.

«Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» адалдық сағаты

10.02.2021

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағатын ұсынамыз. Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды. Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

31.03.2021

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы». Осы тұста, колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Адалдық - адамдықтың белгісі" тақырыбында дайындаған бейнеролигін ұсынамыз! Есіңізде болсын: Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет!

"Жемқорлықпен күресуге өз үлесіңді қос"

03.11.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Жемқорлықпен күресуге өз үлесіңді қос" тақырыбында колледж студенттерінің дайындаған бейнеролигі.

"Адал бол"

30.10.2020

"Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат" акциясы аясында "Түркістан - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі бастамасымен "Адал бол" бейнеролигі

«Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын» тақырыбындағы бейнеролик!

27.10.2020

Адал ұрпақ клубының студенттерінің ұйымдастыруымен «Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын» тақырыбындағы бейнеролигімізді ұсынамыз!

«Парасатты азамат бол» тақырыбында бейнеролик

08.10.2020

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат бол» тақырыбында бейнеролігі.

«Жемқорлыққа жол жоқ» бейнеролигі

21.09.2020

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы колледж студенті мен қызметкерлерінің дайындаған бейнеролигі.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

18.01.2021

Cыбайлас жемқорлықпен күресу барлық азаматтардың азаматтық борышы және адамгершілік міндеті. Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу - олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Сыздыкова Назым ЕТБ-1120-1 тобының студенттеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

"Ізгі ниет, ықылас және шынайылық" тақырыбында moodle платформасында ашық тәрбие сағаты өтті

21.01.2021

Ізгілік - адамның рухани арқауы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы ізгілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беру адамгершілікке жетелейді. Кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, имандылық, көрегенділік, мейірімділік, шарапатттылық ізетпен ілтипат танытып отыру - әдеп нормалары, ұлттық тәлімнің ең көкейтестігі болып табылады. Әрбір адамның болашағы балалық және жастық шағындағы көргендері мен алған әсеріне тікелей байланысты. Жастарға рухани тәрбие беру құндылықтары - ар-ұят, адамгершілік, ізгілік, адамдық қасиеттерді ардақтау және сақтау мақсатында ВЕТ-1119 тобының жетекшісі Байырбекова Ұлбосын "Ізгі ниет, ықылас және шынайылық" тақырыбында moodle платформасында ашық тәрбие сағатын өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы видеороликті студенттеріне көрсетті

26.01.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерімен жетуде, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сыбайлас жемқорлық туралы әлеуметтік бейнероликтерін ЕТБ-0918 тобының топ жетекшісі Ұлбосын Шорабекова топ студенттеріне MOODLE платформасы арқылы көрсетті..

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚОҒАМ МҮДДЕЛЕРІНЕ САТҚЫНДЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ

25.11.2020

"БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА, ҚОҒАМ МҮДДЕЛЕРІНЕ САТҚЫНДЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ" тақырыбында колледжіміздің арнайы пән оқытушысы А.Байболова ВЕТ - 0918 тобына тәрбие сағатын өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Семинар-тренинг өтті

11.12.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледж педагог-психологы Б.Бекенова мен әлеуметтік педагог А.Ажибекова ұйымдастыруымен ұжымдағы педагог-қызметкерлермен семинар-тренинг өткізілді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Студенттермен онлайн кездесу өтті

06.01.2021

11.01.21-18.01.21 ж.ж. күндері аралығында өтілетін сынақ- емтихан алды түсіндіру жұмыстары бойынша ZOOM платформасы арқылы директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - Есенқұлова Айнұр, педагог-психолог - Бекеновa Бахытгуль және Жастар ұйымының төрағасы - Мырзагельдин Айбар колледж студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде студенттердің сынақ-емтихан сессиясын тапсыру тәртібі, қатысу мәселелері қаралды. Студенттер тарапынан келіп түскен сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

Жаңалық Жаңалық

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

10.11.2020

Қоғамдық санада адамның денсаулығы үшін де, қоғам үшін де, асқан құндылық болып табылатын, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жарқын өмірге жігерлендіріп ұмтылысты ынталандыру мақсатында ұйымдатырылған, қалалық "ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ" ОНЛАЙН плакаттар байқауына қатысқаны үшін "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінің ЭЕМ - 0919 - 3 тобының студенті Кененбай Арыстан мен жетекшісі Бекенова Бахытгуль Дүйсеналиқызы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы дипломымен мараппатталды.

Жаңалық Жаңалық

Ниет тазалығы – ізгілік бастауы

11.11.2020

«Ниет тазалығы – ізгілік бастауы» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Айгерім Қуанышбек ЕТБ - 0920 - 1 тобына сабақтан тыс іс – шара өткізді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

20.11.2020

Студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбында тарих және география пәнінің оқытушысы Н.Ибрагимова ЕТБ - 0920 - 3 тобына тәрбие сағатын өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

02.06.2020

Бүгін оқу орнымыздың Парасаттылық мектебінің меңгерушісі Г.Қарсыбайдың ұйымдастыруымен «Адал жолды таңдаймыз» тақырыбында колледж студенттерімен қатар ата-аналардың қатысуымен онлайн кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты жастарды академиялық адалдыққа баулып, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. Кездесу барысында колледжде өткізілетін сынақ-емтихандардың жүргізілу тәртібі таныстырылып, оқу орнымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті атқарудағы Парасаттылық мектебінің жұмысы талқыланды. Кездесу соңында ата-аналар бірқатар ұсыныстар айтып, барша ұстаздар қауымына алғыс білдірді.

Жаңалық Жаңалық

«Еріктілер – ізгілік елшілері»

07.09.2020

«Еріктілер – ізгілік елшілері» тақырыбында мүшелерімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарын талқылады.

Жаңалық Жаңалық

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ

07.11.2020

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Фариза Дүйсенбай ЕТБ - 1119 тобының студенттеріне тәрбие сағатын өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУДЫ ЖАНЫ СҮЙЕТІН ЖАНДАР

17.01.2020

Жүректерінде мейірім оты жалындаған, жақсылықпен қайырымыдылық жасауды жаны сүйетін «YASSAUI» еріктілер тобы және колледжіміздің жасотандық белсенділері қаламыздағы «Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық үйіне барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның қамқорлығын сезіндірді.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

ҚУАНЫШ СЫЙЛАУҒА АСЫҚҚАН ЕРІКТІЛЕР!

15.01.2020

Елбасы бір сөзінде: «Тәуелсіздікті баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парымыз» деген. Осындай мақсатта студенттер «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің ер еріктілері Қайырымдылық жәрмеңкесін жасап оқу орнындағы «YASSAUI» еріктілер тобы және «Ізгілік елшілері» Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Еріктілер арнайы балалар үшін сыйлықтарымен қоса өз қолдарымен тәтті пісіріп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін түрлі қойылымдар жасаған. Еріктілерді қуана қарсы алған бүлдіршіндерде өздерінің өнерлерін көрсетіп мәз-мейрам! Жүректерінде мейірім оты жалындаған, жақсылықпен қайырымыдылық жасауды мақсат тұтқан еріктілер әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлағанына дән риза!

Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«YASSAUI» ЕРІКТІЛЕРІ ЭСТАФЕТАНЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

16.01.2020

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын,ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Дәл осы қасиеттерді бойына сіңіруді мақсат тұтқан «YASSAUI» еріктілер тобы қайырымды істі жалғастыру мақсатында Түркістан қаласының көшелерін таңнан бастап тазартушы қызметкерлерге таңғы аспен ыстық шай тарқатты. Қызметкерлердің жұмысына құлшыныспен көмектескен еріктілер, қаланың тазалық жұмыстарына үлес қосқанына дән риза.

Жаңалық Жаңалық

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ»

07.11.2020

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Фариза Дүйсенбай ЕТБ - 1119 тобының студенттеріне тәрбие сағатын өтті.

Жаңалық Жаңалық Жаңалық

«Ізгілік – адамгершілік белгісі»

13.10.2020

Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында арнайы пән оқытушысы, колледжіміздің жас маманы, ЕТБ-1120-2 тобының топ жетекшісі - Ерімбет Пернебек колледж студенттеріне «Ізгілік – адамгершілік белгісі» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойыңда ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Ешқашанда адамгершілік қасиетімізден арылмайық!

Жаңалық Жаңалық

«Еріктілер – ізгілік елшілері»

07.09.2020

«Еріктілер – ізгілік елшілері» тақырыбында мүшелерімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарын талқылады.